Қандастар Ассамблея

Балалар күзді қалай елестетеді?

08.10.2015 11802
«Ғажайып күз» атты қалалық сурет конкурсы өтті.

7 қазанда «Өркен» балабақшасында «Ғажайып күз» атты қалалық сурет конкурсы өтті.

Байқауға мектеп жасына дейінгі жас бүлдіршіндер қатысып, өнерлерін паш етті.  Дайындаған жұмыстары «Табиғат және мен», «Бұл менің әлемім», «Ғажайып алыста емес» тақырыптары аясында болды. Бұл қалалық байқауға өткен жылы 24 балабақша қатысса, биыл 60 шақты балабақша ниет білдірді. Барлығы 200-дей жұмыс ұсынылған екен. 

Әсем байқау «Балдәурен» тобы балаларының күзге арналған өз өлең шумақтарымен басталды:

Алтын, сары, қызыл, көк

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі уақыт күлімдеп,

Көз тартады атырап.

- Аяпова Алия Сейтжановна – «Астана Дарыны» директорының ұйымдастыру педагогикалық жұмысы жөніндегі орынбасары:

- Әріптестеріме жақында өткен Ұстаздар күні құтты болсын деймін. Жыл сайынғы байқау балалардың еңбектерін, олардың тәрбиешісімен қарым-қатынасын ашық көрсетеді. Соның арқасында бүгін осындай керемет әлемнің ортасында отырмыз. Ұстаз үшін баласының еңбегінің бағаланғаны ең үлкен сыйлық.  Балабақшалар өркендей берсін, бүлдіршіндердің өнері өрге жүзсін.

Жюри құрамында Астана қаласының суретшілері болды.  Әр дайындалған сурет, макет, бейнелерді зерттеп, талқыға салып, сәйкес шешімдерге келді.

-  Аукенова Мақтай Естаевна – интеллектуалдық сайыстар зертханасының аға әдіскері:

- Бүлдіршіндердің арасынан нағыз талант иелерін тауып жатырмыз. Байқаудан шығарған тұжырымымыз – балалардың әлемді қабылдауы, оны сурет арқылы жеткізуі ересектерден мүлдем өзгеше және қызықты. Оны біздер балалардың жұмыстарында таңдаған бояу түстері, материалдары арқылы аңғардық. Байқау жалпы үш жанрда өтті: суреттер байқауы, декоративті және қолданбалы өнер. Дарынды балалардың жұмыстарына кәсіпқой суретшілер тәнті болды. Бисер, саз, жапырақ, тамақ өнімдері композицияға шебер қолданылған екен.

- Тамабаева Кульпан, №30 балабақша, гран-при иегері:

- Біз бұл байқауға 15 жұмыс ұсындық. Жеңімпаз баламыз өте ерекше бала, оның ойлау қабілеті, суреттер арқылы жеткізу шеберлігі әрдайым таңқалдырады. Конкурсқа қатысуымыздың мақсаты, ордамызда тәрбиеленіп жүрген балақайлардың таланттарын танып білу, және бұл қасетті шыңдап, алға жетелеу. Осындай шаралар көп болса екен деп тілейміз.

Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

Гран при

  1. Тюляев Иван, №30 «Қайнар» балабақшасы.
  2. Жумабаева Алина, №38 «Шаттық» балабақшасы.
  3. Өмірбаев Мансур, ҚР ПІБ «Қарлығаш» балабақшасы.

І орын

  1. Никишин Артем, №27 «Балауса» балабақшасы.
  2. Қинаят Айдана, №27 «Балауса» балабақшасы.
  3. Куслий Михаил, №9 «Нұршашу» балабақшасы.
  4. Сейфулла Нурасыл, №10 «Бөбек» балабақшасы.
  5. Палий Валерия, №14 «Ақбөпе» балабақшасы.
  6. Сламия Дарын, №47 «Ақ желкен» балабақшасы.

 


 

 

Ұқсас материалдар