Қандастар Ассамблея

Балқарағайдағы тазылардың көрмесіне фотосаяхат!

01.10.2015 7155
21 қыркүйек күні «Балқарағай» демалыс орталығында тазы көрмесі өтті. Көрмеге Қазақстанның түкпір-түкпірінен тазы асыраушылар келіп, өздерінің асыл тұқымды иттерін арнайы сарапшылардың бағалауынан өткізді.

21 қыркүйек күні «Балқарағай» демалыс орталығында тазы көрмесі өтті. Көрмеге Қазақстанның түкпір-түкпірінен тазы асыраушылар келіп, өздерінің асыл тұқымды иттерін арнайы сарапшылардың бағалауынан өткізді. El.kz редакциясы өз оқырмандары үшін осы көрмеден фоторепортаж ұсынады. 

Жиынға Ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков те қонақ болып келіп қайтты.

VIP-қатысушылардың қатарында «Қансонар» қауымдастығының төрағасы Оралбай Әбдікәрімов пен қоғам қайраткері Бекболат Тілеухан да болды. 

Дәл осылай әрбір адам өз тазыларын әкеліп жатты. 

Тазыларды мұндай көлемде бір жерде жиналуы қалыпты жағдайда өкінішке орай сирек кездеседі. 

Тазы - қазақтың жеті қазынасының бірі. 

Болашақ аң аулаушы.

Тамыз айында Ауыл шаруашылық министрілігі тазы стандарттарын бекітіп, оларды заңды түрде қорғауға алды. Суретте Ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков қазақтың төл жануары тазымен бірге. 

Көрмеге әкелінге тазыларға арнайы мамандар сараптама жасады. Сараптама шарттарына сәйкес, тазылар жас бойынша 5 категорияға бөлінді. 

Ең алғаш болып алаңға «бэби» категориясына жататын, яғни 3 пен 6 айлық арасындағы тазы күшіктері шықты. 

Одан кейін 6 мен 9 ай аралығындағы тазыларға сараптама жасалды. 

Шарт бойынша тазы иелері өздерінің асыл тұқымды иттерін шеңбер бойымен жүгіртуі тиіс еді. Бұл тазының жүгірген кездегі қозғалысына баға беру үшін жасалды. 

Cараптама критерийлері: көздің түсі, аяқтың ұзындығы, дене бітімі, шапшаңдығы, құйрықтың дөңгеленуі және т.б. Сараптама жүргізудің мәні сол, ХХ ғасырда тазылар жойылып кетуден әрең аман қалды. Олардың саны қатты сиреп, қараусыз қалды. Сол себепті, бүгінге күнге дейін өзгермес қалпы жеткен тазылардың саны аз. Тазы деп санап жүрген иттердің көпшілігі будан болып кеткен. Сарапшылар, зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, көрмеге келген иттердің қайсысы нағыз тазы, қайсысы шатыс екенін анықтап отырды. 

Сарапшының пікірінше, мына ит нағыз тазы стандарттарына мейлінше жақын екен. 

Іс-шараға Әзірбайжанның кавказ тұқымдас иттері қоғамдық бірлестігінің төрағасы Гасымзаде Ильхам келді. Оның айтуынша, тазылар кезінде Әзірбайжанда да болған, өкінішке орай қазір жоқ екен. Ол көрмеге келген иттерге қарап, Қазақстанда тазы мен төбетті аман алып қалуға ниет пен қолдаудың бар екенін ризашылық білдірді. 

Көрме тазыларға арналғанымен, қазаққа жақын тіршілік иелерінің өзге түрлерін де кездестіріп қалдық. Бұл - 9 айлық Жендет есімді төбет. 

Отбасымен дәстүрлі аң аулауға берілген жанұя. Павлодарлық Бекболат есімді азамат қос тазысы мен бүркітін ала келді.

Көрмеге таяп қалған тұста, Бекболаттың бүркіті түлкі аулап үлгерді. 

Өз жемтігін бүркіт қатты қызғанады, тіпті өзінің иесін де жолатқысы келмейді. 

Көрмеге байланысты өзге де суреттерді тамашалағыңыз келсе, арнайы альбомға өтсеңіз болады. 

El.kz интернет-жобасы

Ұқсас материалдар