Қандастар Ассамблея

Бүгін футболдан Еуропа чемпионаты басталады

10.06.2016 1916
Бүгін футболдан Еуропа чемпионаты басталады. Алғашқы матчта Франция мен Румыния кездеседі.

Бүгін төрткүл дүние асыға күткен футболдан 2016 жылғы Еуропа біріншілігі басталады. Осымен 15-рет ұйымдастырылған ала доп додасына 24 команда қатысып, өзара мықтыны анықтайды.
«Қазақстан» ұлттық телеарнасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 шілдеге дейін футбол мерекесі әлемнің түкпір-түкпіріне тікелей эфирде таратылады. Дүбірлі доп додасынан қазақстандық жанкүйерлер де құр қалмайды. Ұлттық арна турнирдегі 51 кездесудің 36-сын, ал, «Kazsport» телеарнасы 15 матчты тікелей эфирде көрсетеді. Сонымен қатар, матчтардың қайталауын «Kazsport» телеарнасынан көре аласыздар.

Ал, 11 маусымнан бастап кешкі сағат 18:50-дегі ойынды «Kazsport» телеарнасы, ал, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы сағат 21:50 мен 00:50-де басталатын ойындарды тікелей эфирде көрсетеді.
Чемпионат кезінде арнайы студиялық бағдарлама жоспарлануда. Әрбір кездесудің алдында тікелей эфирге шығатын хабар барысында жүргізушілер мен студия қонақтары Еуропа чемпионатын талқылап қана қоймай, түрлі конкурстар ұйымдастырады.
Турнирдің көрсетілім құқығын «Қазақстан» РТРК» АҚ 2014 жылы сатып алған болатын.
Футболдан Еуропа чемпионаты 10 маусым мен 10 шілде аралығында өтеді.
Тікелей эфир кестесі:

Жұма, 10 маусым
00:50 Франция - Румыния («Қазақстан»)

Сенбі, 11 маусым
18:50 Албания - Швейцария (Kazsport)
21:50 Уэльс - Словакия(«Қазақстан»)
00:50 Англия -Ресей («Қазақстан»)

Жексенбі, 12 маусым
18:50 Түркия - Хорватия (Kazsport)
21:50 Польша -Солтүстік Ирландия («Қазақстан»)
00:50 Германия - Украина («Қазақстан»)

Дүйсенбі, 13 маусым
18:50 Испания - Чехия (Kazsport)
21:50 Ирландия - Швеция («Қазақстан»)
00:50 Бельгия - Италия («Қазақстан»)

Сейсенбі, 14 маусым
21:50 Австрия - Венгрия («Қазақстан»)
00:50 Португалия - Исландия («Қазақстан»)

Сәрсенбі, 15 маусым
18:50 Ресей - Словакия (Kazsport)
21:50 Румыния - Швейцария («Қазақстан»)
00:50 Франция - Албания («Қазақстан»)

Бейсенбі, 16 маусым
18:50 Англия - Уэльс (Kazsport)
21:50 Украина - Солтүстік Ирландия («Қазақстан»)
00:50 Германия - Польша («Қазақстан»)

Жұма, 17 маусым
18:50 Италия - Швеция (Kazsport)
21:50 Чехия - Хорватия («Қазақстан»)
00:50 Испания - Түркия («Қазақстан»)

Сенбі, 18 маусым
18:50 Бельгия - Ирландия (Kazsport)
21:50 Исландия - Венгрия («Қазақстан»)
00:50 Португалия - Австрия («Қазақстан»)

Жексенбі, 19 маусым
00:50 Швейцария - Франция («Қазақстан»)
00:50 Румыния - Албания (Kazsport)

Дүйсенбі, 20 маусым
00:50 Ресей- Уэльс (Kazsport)
00:50 Словакия - Англия («Қазақстан»)

Сейсенбі, 21 маусым
21:50 Украина - Польша (Kazsport)
21:50 Солтүстік Ирландия - Германия («Қазақстан»)
00:50 Хорватия - Испания («Қазақстан»)
00:50 Чехия - Түркия (Kazsport)

Сәрсенбі, 22 маусым
21:50 Венгрия - Португалия («Қазақстан»)
21:50 Исландия - Австрия (Kazsport)
00:50 Италия - Ирландия (Kazsport)
00:50 Швеция - Бельгия («Қазақстан»)

Сенбі, 25 маусым
18:50 1/8 финал - алғашқы матч (Kazsport)
21:50 1/8 финал - екінші матч («Қазақстан»)
00:50 1/8 финал - үшінші матч («Қазақстан»)

Жексенбі, 26 маусым
18:50 1/8 финал - төртінші матч (Kazsport)
21:50 1/8 финал - бесінші матч («Қазақстан»)
00:50 1/8 финал - алтыншы матч («Қазақстан»)
Дүйсенбі, 27 маусым
21:50 1/8 финал - жетінші матч («Қазақстан»)
00:50 1/8 финал - сегізінші матч («Қазақстан»)

Бейсенбі, 30 маусым
00:50 1/4 финал - алғашқы матч («Қазақстан»)

Жұма, 1 шілде
00:50 1/4 финала - екінші матч («Қазақстан»)

Сенбі, 2 шілде
00:50 1/4 финал - үшінші матч («Қазақстан»)

Жексенбі, 3 шілде
00:50 1/4 финал - төртінші матч («Қазақстан»)

Сенбі, 6 шілде
00:50 1/2 финал - алғашқы матч («Қазақстан»)

Бейсенбі, 7 шілде
00:50 1/2 финал - екінші матч («Қазақстан»)

Жексенбі, 10 шілде
00:50 финал («Қазақстан»).

Ұқсас материалдар