Қандастар Ассамблея

Бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылған күні

13.07.2015 17000
Бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдары қызметкерлерінің күні

Бүгін Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. 1992 жылы 13 шілде күні ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен  Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрылды.

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының бірыңғай жүйесін – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті және оның құрамына кіретін департаменттер мен өзге де құрылымдық бөлімшелер, ҰҚК-нің облыстар бойынша, республикалық маңыздағы қала мен елордадағы аймақтық органдары, оларға бағынышты қалалық және аудандық басқармалар (бөлімдер, бөлімшелер), сондай-ақ әскери контрбарлау, ҰҚК-нің «Барлау» қызметі, ҰҚК-нің Шекара қызметі, арнайы мақсаттағы құрылымдар, ғылыми-зерттеу мекемелер және өзге де ұйымдар құрайды.

 

Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік органының тарихы осы күннен бастау алады. Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті үшін өткен 23  жыл – даму мен қалыптасудың, тұрақты жетілудің жылдарына айналды. Комитет құрылымындағы барлық өзгерістер әлемдегі және елдегі ахуалмен тығыз байланысты болды, Ол Елбасының тапсырмаларымен және уақыт талабымен анықталып отыр. Барлық реформалардың басты мақсаты – Комитетке жүктелген міндеттерді тиімді шешу, егемен Қазақстанның мүддесін қорғау. Қазір Ұлттық қауіпсіздік комитеті  кез келген қатер мен сынаққа шұғыл да барабар жауап бере алатын икемді, әрі жоғары білікті арнайы қызмет.

 

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары – Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, тұлға мен қоғамның қауіпсіздігін, конституциялық құрылысын, мемлекет егемендігін, аумақтық тұтастықты, экономикалық, ғылыми-техникалық және елдің қорғаныс әлеуетін қамтамасыз етуге арналған Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін арнайы мемлекеттік орган.

Осы жылың орын алған маңызды оқиғалардың бірі – 29-30 мамыр аралығында Маңғыстау облысында терроризмге қарсы күрес жөніндегі Республикалық жедел штабымен «Ақтау-Антитеррор-2015» республикалық терроризмге қарсы жедел-тактикалық оқу-жаттығулары өткізілді. 

 

Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі, Мемлекеттік күзет қызметі, Қорғаныс министрлігі, Инвестициялар және даму министрлігі, Маңғыстау облысы әкімдігінің күштері мен құралдарының өзара бірлескен іс-қимылымен теңіз портында, мұнай өндіру инфрақұрылымы нысандарының айналасында және халық көп жиналатын орындарда терроризм актінің жолын кесу бойынша қойылған оқу міндеттері тиісті дәрежеде жүзеге асырылды.

Оқу-жаттығулар алғашқы рет дағдарыстық ахуал жөніндегі Республикалық жедел штабымен бірлесе өткізілді. Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан босқындардың жаппай өтуіне байланысты әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар орын алған кездегі өзара іс-қимыл дағдылары пысықталды.

Биыл Қазақстан Республикасы ҰҚК Академиясынан 43 маман түлеп ұшты. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті жедел қызметкерлерінің қатары толықты. Түлектерге ұлттық қауіпсіздік органдары лейтенанты деген арнаулы офицер атағы берілді.

 

ҰҚК Академиясы 1999 жылғы 6 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылды, ол - ҰҚК институтының құқықтық мұрагері. Қазіргі уақытта Академия республикамыздың элиталық оқу орындарының қатарында лайықты орын алған. Осы оқу орнының арқасында қазақстандық арнаулы қызметтің кадрлық әлеуеті жыл сайын шет телдерін игерген және халықаралық құқыққа маманданған жас жедел қызметкерлермен толығады.1999 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен Ұлттық қауіпсіздік комитеті институты ҚР ҰҚК Академиясы болып қайта құрылды, бүгін оқу орнында 6 факультет, 22 кафедра бар, оның 13-і арнаулы болып табылады.


Әзірлеген Айша КЕРЕЙ

 

Ұқсас материалдар