Қандастар Ассамблея

Бүгін – Халықаралық балаларды қорғау күні

01.06.2016 8573
Бала – өмірдің мәні

Халықаралық балаларды қорғау күні – 1925 жылы Женевада балалар мәселелеріне арналған Дүниежүзілік конференцияда қабылданды.

 Балалардың бұл мерекесі неліктен дәл 1 маусым күні атап өтілетіндігі туралы нақты мәліметтер жоқ.

Болжамдардың бір нұсқасы бойынша, 1925 жылы 1 маусымда Қытайдың бас консулы  Сан-Франсискода қытайлық жетім балалардың бір тобын жинап, оларға Дуань-у цзе фестивалін (Қайық-айдаһарлар фестивалі) өткізді. Сәтті кездейсоқтықпен бұл күн Женевада «балалар» конференциясының өткізілуімен сәйкес келді.

 

Балалардың денсаулығын сақтау және жағдайын жақсарту мәселесі анағұрлым өзекті болған Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, нақты айтқанда 1949 жылы Парижде әйелдер конгресі өтті. Онда балалар бақытының жалғыз кепілі ретінде орнықты бейбітшілікті қамтамасыз етуге  талмай күресу анты айтылды. Бір жылдан кейін, 1950 жылдың 1 маусымында Халықаралық балаларды қорғау күнінің алғашқы мейрамы атап өтілді, осыдан кейін бұл дата жыл сайын мерекеленеді.

 

Халықаралық балалар күнінің өзінің байрағы бар. Өсімді, үйлесімдікті, балғындық пен шұрайлылықты білдіретін жасыл түсті фонда көрсетілген Жердің айналасына қызыл, сары, көк және ақ  стилизацияланған мүсіндер орналастырылған. Адамдардың бұл пішіні алуандылық пен төзімділікті білдіреді. Ортаға орналастырылған Жердің белгісі – ортақ үйіміздің символы.

 

Атаулы күнге орай Қазақстанның түкпір-түкпірінде түрлі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады.

Мақсат – балаларды қорғау проблемасына көпшіліктің назарын аудару, балалар мен жасөспірімдердің мүддесін көздейтін мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік құрылымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіпкерлік ортаның, БАҚ және басқа да әлеуметтік топтардың күшін біріктіру.


Әзірлеген Айша КЕРЕЙ

Ұқсас материалдар