Қандастар Ассамблея

БҰ ЗАМАННЫҢ СОҒЫСЫ

28.08.2014 3934
Өткен нөмірде соғысқа кіріскен патшалардың қай жағының әскері көп, қай жағынан пылоты күшті екенін айтып едік.

Өткен нөмірде соғысқа кіріскен патшалардың қай жағының әскері көп, қай жағынан пылоты күшті екенін айтып едік. Енді бұл заманның соғысқа жұмсайтын құралдары һәм заманың соғысқа жұмсайтын құралдары һәм соғысу тәртібі қандай екендігі айтып өтпекшіміз.

Әуелі, соғысқа керек – әскер, сондықтан әскерді жиып, соғысатын жерге төгу үшін істейтін істер жайынан бастайық. Әскерді тез жиып, соғысатын жерге тез түсіруге отарба сай боларға керек. Кей патшалар сол үшін арнап темір жолдар салдырады; мәселен, Германійада әр корпус әскердің өз алды- на отарбасы бар. Германійа әскері жер шегіне жетіп, соғысқа дайар болуына төрт-ақ күн керек. Пырантсиа жерінің шегіне бір сөткеде міллійон жарым әскер төгуге жолы сай. Отарба сайлылығы жалғыз әскер тасуға емес, әскердің азық-түлігін, қару-жарақ, оқтарын соғысатын жерге жеткізу керек. Жолы сай емес патшалар әскерін атпен, түйемен, өгізбен жыйып жеткіз- генше, жолы сай патшалар тезірек келіп, шабан жыйылғанның жерін алып қоймақшы. Төбелескенде шапшаң адамның қолы бұрын тигені сыйақты, кейде бұрын қимылдағаны соғыс тіз- гінін қолына алғанға есептеп, бұл замандағы соғысқа тез жиы- лып, жауға тайағы бұрын тигеніне көп мағына береді.

Екінші, соғысқа керегі – қару-жарақ, иағни мылтық, зеңбірек оғайри сондай қарулар. Өткен Балқан соғысында зеңбірегі күшті һәм тигіш жағы жеңіп отырды. Бұ күнгі зеңбіректер бұрынғы зеңбіректер емес. Бұрынғы зеңбіректер бес минөтте бір оқ шығаратын еді. Бұл күнде төрт зеңбіректі бір батерейа минөтіне 40 шырапнел шығарады (шырапнел ішінде 200 оқ болады). Олай болғанда, бір батерейа бір минөтте 8 мың оқ шығармақшы. Бұрынғы мылтықтармен бір солдат бір минөтте бір оқ ғана шығаратын еді. Бұ күнгі мылтықтармен бір солдат бір минөтте 40 оқ шығара алады.

Мылтықпен зеңбіректен басқа пулемет деген бір пәле тағы да бар. Оның біреуі бір минөтте 600 оқ шығарады. Бұрынғы зеңбіректер құр шошыту болмаса, көбінесе тимейтін еді. Бұл күнде дала зеңбіректері 5 шақырым жерден, кеме зеңбіректері 10 шақырым жерден тиеді. Бұрынғы зеңбіректердің оғы 5 пұт болушы еді. Бұ күнгі зеңбіректердің оғы 40 пұт. Осы соғысып жатқан патшалар неше түрлері қарудың бәрін өз зауытынан жасап шығарған патшалар. Бұлардың қару-жарағында кемістік жоқ. Бұ замандағы қару-жарақтың нағыз жақсысы осыларда. Қамтамасыз қаруларының қызығын көретін жері осы Еуропа соғысы. Үшінші, соғысқа керек нәрсе – плот (соғыс кемелері). Бұ заманда патшалар жалғыз құрылық жағын ғана қорымайды, су жағын да қориды. Бұрынғы соғыстар құрда болып, суда кем болушы еді. Бұ заманда кемелерге зеңбірек орнатқан се- бептен судағы соғыс та зор болмақшы. Соғыс бағының беті аууына бұ күндегі пылоттылық себепкер болатын нәрсенің бірі. Сондықтан осы күнгі патшалар, бірінен-бірі қалыспай, бәсекемен пылот сайлаудың әлегінде. Бәсекелесіп, соңғы кез- де соғыс кемесінің өте зор, зеңбіректі көп орнататын түрін шығарады. Бұл күндегі діредноуіт деген кемелердің бата- рейасынан бір атқанда 2 мың, 4 мың пұт оқ шығады, құты, Түркианың Америкадан сатып алған «Рио-де-Жанейро»деген діредноуітынан бір атқанда 5 мың пұт оқ шығады дейді. Пы- лот мықтылығының пайдасы атысқан жерде жеңуге, сумен әскер һәм азық-түлік тасытпасқа керек жерде тиеді. Ангылиа пылоты Германійа пылотынан күшті болған себепті, Германійа пылотын ешқайда шығармай басқа жерден кемелерді келтір- мей, су жағынан Германійаның қолын кеспекші. Сондықтан Германійаның Ангылиа жақ тұсына қойған кемелері жағадағы қорғандардың зеңбірегін сайалап, басын қорғамаса, пәлендей қару қылып, күш көрсетер деп айтуға қиын. Германійаның орыс жақ тұсына қойған пылоты күш көрсетпесе, бұл соғыста Германійа плотының қызығын көре алмайтын шығар.

Төртінші, соғыста жеңу иа жеңілуге зор себепкер бо- латын әскербасы. Бұл күндегі әскербасылар бұрынғының әскербасындай биікке шығып, соғысты көзімен көріп отыр- майды, ілгері ұмтылу керек жерінде ұмтылтып, шегінту керек шегінде шегінтіп басшылық етуі бұл күнде жоқ. Бұ заманның әскербасылары соғыстың қарасын көрмей-ақ, үйінде отыра- ды. Қарайтыны соғыс емес, соғыс болып жатқан жердің пыла- ны. Бұйрығын телегырам, телепон арқылы істейді. Соғыстың қабарын телегырам, телепон арқылы алады.

Соғыстың қарасын көрмейтін себебі – бұл күнде әскерлер соғысқа қоралы қойша иірілген тобымен кірмейді, қадамға тұрып, қатар түзеп, екі жақ қанатын алысқа созып, жайып жі- беріп атысады. Әскердің көптігіне қарай екі жақ қанаты көп жер- ге жайылмақшы. Орыс пен иапон жауласқанда, Мукден соғысы деген зор соғыста иапондардың 300 мың әскері қанатын жайып соғысқа кіргенде, бір шетінен бір шеті 100 шақырым болған. Сонша алысқа жайылған әскердің соғысын көзбен көріп отыру мүмкін бе? Пыланға қарау, телегырам, телепон арқылы қабар алу нақ өз көзімен көріп отырғандай болмайды, бірақ олай етпей амал жоқ. Сондықтан бұрынғының әскербасылық етуінен бұ күнгінің әскербасылық етуі қиын. Соғыстағы әскербасылардың ісі дойбы ойнаған сыйақты; жалғыз қата жүрістен күллі ойын- ныңберекесікетіп, ұтылмақшы. Сондай-ақ, бірқаталасқанісінің салдарынан соғыс бағының бетін аударып, жеңіліп қалмақшы. Әскербасылық етудің қиыны сол: әскердің жүру-тұру билігін түгел қолына алуға – бәрін көзімен көріп отырған жоқ; әр әскердің әр табының билігін бастықтарына беруге – әр ауыл көш-қонын өзі билеген сыйақты болмақшы, бірі ерте, бірі кеш көшкен, бірі ілгері, бірі кейін қонған ауылдай, әскердің бір табы атысып жатқанда, екінші табы қарап тұрмақшы; бір табы ілгері ұмтылғанда, екінші табы кейін шегінбекші; сөйтіп, бір мезгіл- де бір беткей қару қылмай, әскер жеңілмекші. Сондықтан бұл заманның әскербасына батырлықтан гөрі соғыстың ғылымын, әдісін жақсы білетін адам сайланбақшы.

Бесінші, бұл замандағы соғыста жұмсалатын нәрсе – аспан кемелері. Бұлар қызыметінің зоры – жау әскерінің жатқан жерін білу. Жау жерін біліп алып атқан зеңбіректің оғы жаудың дәл үстіне түспекші.

Осы жоғарыда айтылғандар біреуден жерін қорғау үшін де, біреудің жеріне түсу үшін де керектер. Бекіну үшін жасалған нәрселер – қорғандар. Жауды ішкері жібермеске жер шегіне әр патша қорған салдырды. Қорғандардың мықтыларын бұзып алу қиын жұмыс. Нағыз мықты салдырған қорғандарды иа тіп- ті бұзып ала алмайды, иа бұзса да көп адамын шығындатып барып алады. Еуропа ұлық патшаларының бәрінде де салынған мықты қорғандар бар.

1914 ж.

А.Байтұрсынұлы / "Ел - шежіре"

Ұқсас материалдар