Қандастар Ассамблея

«Ажар – тарихтың көркем келбеттері» атты бейнелеу өнерінің көрмесі

04.03.2015 4171
«Астана» ұлттық сурет галереясында «Ажар – тарихтың көркем келбеттері» атты бейнелеу өнерінің көрмесі ашылды.

3 наурызда «Астана» ұлттық сурет галереясында  «Ажар – тарихтың көркем келбеттері» атты  бейнелеу өнерінің көрмесі ашылды.Тарихи кенеп бетінен  асқан сұлу  әйел  жүздерін  анықтап қарауға және «Ажар –тарихтың көркем келбеттері»  атты көрменің туындылары   арқасында,  бірегей қазақстандық суретшілері  шығармашылығының сан қырлылығын көруге  мүмкіндік туды.

Сан ғасырдан бері талай суретшіге шабыт берген әйел бейнесі - қылқалам шеберлері үшін әлі де тың тақырып.  Әйел, ана келбетін бейнелеуден талмайтын суретшілердің үздік еңбектері Астанада ашылған «Ажар» көрмесіне қойылды. 8 Наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған көрмеде 40-қа жуық туынды бар. Олардың дені  - Астана сурет галереясындағы кескіндеме туындылардың жиынтығы. Көрме композициясында қазақтың бірінші кәсіби әйел суретшісі Айша Ғалымбаеваның еңбектерінен бастап, еліміздің қазіргі заманғы өнер өкілдерінің жұмыстарына дейін қамтылып отыр. Украина, Ресей, Молдавия, Латвия елдерінің бейнелеу өнері шеберлерінің кескіндемелері де жоқ емес. Сұлу, көркем, тылсым әйел табиғатына арналған көрменің келушілерге де шабыт бергені анық. 

Жазира Жекебаева, ғылыми-өнер лабораториясының меңгерушісі:

- Көрме 3 мамырға дейін өткізіледі. Қалаушылар келіп, тегін тамашалай алады. Экспозиция біздің галереямыздың қорынан жинақталды. Әр бейнедегі әйел кейпі оның табиғи сұлулығын, мейрімін, сезімін жеткізеді. Және бұл қасиеттер әрдайым суретшілерді өнер туындыларын салуға қанаттандырады.

 Айдос БАЯХМЕТ, көрмеге келуші:

- Әр суретші аналардың мейірімділігін, аналардың сұлулығын көрсете білген. Және әр картинаның техникасы ерекше. Майлы бояуларды ерекуше қолданып, әр түрлі бағытта қолданған. Мен де суретшілікпен аздап айналысамын. Бұл суреттер маған үлкен шабыт берді. Енді мен де аналар туралы сурет салмақшы ойым бар. 

Көрменің құрылуына «Астана» ұлттық сурет галереясындағы кескіндеме туындыларының жиынтығы негіз болды. Кәсіби суретшілермен қатар, кескіндеме жазу дағдысын кәсіби меңгерген әйелдер де туынды авторлары болып табылады. Көрме экспозициясы бірінші кәсіби әйел қазақ суретшісі Айша Ғалымбаеваның шығармашылығынан басталып, Қазақстанның қазіргі заман өнер өкілдеріне дейінгі кезеңді қамтиды. Сонымен қатар, көрме экспозициясы Ресей, Украина, Молдавия және Латвия бейнелеу өнері шеберлерінің дәстүрлерін ашып көрсетеді.

Вернисаж «Астана Опера» симфониялық оркестрінің дайындаған музыкалық перфомансымен басталады, көркемдік жетекшісі ҚР еңбегі сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов.

Шараның мәртебелі қонағы қатарында дипломатиялық корпус, бизнес құрылымдарының өкілдері, қоғамдық және саяси тұлғалар, өнер, білім, мәдениет саласының қайраткерлері болды.

Шара бойынша фотоальбомды көргіңіз келсе...


Айгүл ШЕРНИЯЗОВА

Ұқсас материалдар