Қандастар Ассамблея

Қазақтың ұлттық өнерінде ұлттық кодымыз жатыр (фото)

08.06.2015 8680
Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік қолданбалы өнер колледжінің ұстазы, суретші Мұхамеджан Зейнелхан қазақта кенже қалып келе жатқан ұлттық біз кесте өнерімен 30 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді.

Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік қолданбалы өнер колледжінің ұстазы, суретші Мұхамеджан Зейнелхан қазақта кенже қалып келе жатқан ұлттық біз кесте өнерімен 30 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді.

Суретші дәл осы өнермен 1986 жылдан бері айналысып келеді. Қазір қолындағы біз кестелерінің санына жету қиын. Ең бастысы, суретші ұмытылып бара жатқан біз кестені қайта жаңғыртып, қазіргі бейнелеу өнеріне алып келген.

Бейнелеу өнерінде қойылатын талап бұл өнерге де қатар қойылады. Қазір осы өнерге құлшыныс танытып келе жатқан шәкірттері де баршылық екен. «Қазір халықтың рухы ұлттық құндылықтарға қарай ауып бара жатыр. Ою-өрнек дегеніміз – керемет дүние, ғылым. Онда нағыз қазақтың философиялық коды, гені жатыр. Бірақ, оны қазір ұмыттық біз. Санамыздан көп желісін өшіріп алдық. Сол себепті, осы өнерді қазіргі заманға сай жасауыма тура келді. Қазір сол еңбегімнің нәтижесінде үлкен мектеп қалыптасуда», – дейді суретші.

Мұхамеджан Зейнелханның біз кесте өнеріндегі суреттерінде Тәңірлік бейнемен байланысты қияли, фантастикалық сарын басым. Мысалы, «Екеу», «Дала», «Бүркітші», «Ту қорғаушы», «Көне сарын», «Талтүс», «Танымалдылық» сияқты т.б. көптеген шығармаларынан сол бейнені байқауға болады.  Автордың таңдаған бағыты осы сарынмен ерекше үндесіп жатқаны байқалады. Екінші жағынан ұлттық болмысымызда қалып қойған бақсылық көрініс табады. Суретші өнердегі басты өзегі қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, тұрмыс-тіршілігін баяндайтын «Ұлы дала» тақырыбы бойынша біз кестемен елеулі еңбек етіп келеді.

 


Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

Ұқсас материалдар