Қандастар Ассамблея

Қазақстанның Бас мүфтиі Наурыз мейрамымен құттықтады

24.03.2016 2460
Бұл күні халқымыз дастархан жайып, қонақ күтіп, қарияларымыз бата береді. «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!», - деген тілек-дұғалар айтылатын Наурыз - бірліктің, ынтымақтың, береке мен татулықтың мерекесі.

«Құрметті бауырлар, отандастар!

Баршаларыңызды күн мен түннің теңескен, шығыс халықтарының мерекесі болған, ежелгі заманнан қалыптасқан жылбасы - Наурыз мейрамымен құттықтаймын!

Бұл күні халқымыз дастархан жайып, қонақ күтіп, қарияларымыз бата береді. «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!», - деген тілек-дұғалар айтылатын Наурыз - бірліктің, ынтымақтың, береке мен татулықтың мерекесі.

Бұл күні араздасқандар - адамгершілік, ренжіскендер - рақымдылық жолын ұстанады. Осынау ізгілік мерекесінде адамдар кешірімділікке, татулыққа ұйысады.

Ұлыстың ұлы күні біздің еліміз үшін әрқашан киелі саналған. Халқымыз Наурыз мейрамын ата-бабамыздан жалғасын тауып келе жатқан ұлттық мереке, салт-дәстүріміздің жалғасы деп тойлайды.

Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, жұмыстарыңызға береке тілеймін.

Алла Тағала ризық-несібемізді молайтып, бірлік-берекемізді арттырғай. Наурыз мерекесі құтты болсын!», - делінген Бас мүфтидің құтттықтауында.  


Рүстем ӘЛПИ

Ұқсас материалдар