Қандастар Ассамблея

Қазақстанның ұлттық бірлігі – бейбітшілік пен келісімде жатыр

27.10.2014 13990
Қазақстанның ұлттық бірлігі – бейбітшілік пен келісімде жатыр

       

       23 жылға жуық уақыт ішінде әлем алдында абыройлы мемлекет атануымыздың бір себебі – президентіміз Н.Назарбаев айқындап берген бейбітшілік пен келісім және осы бағыттан таймай жүрген халқымыздың ұлттық бірлігі. Осы күндерге дейін қазақ жері Еуропадағы Ынтымақтастық пен Қауіпсіздік Ұйымының 11 жыл үзіліп қалған САММИТ-ін Астанасында дүркірете өткізіп, жер жүзінің небір алып мемлекеттерінің басшыларының басын қосып,адамзат болашағына қатысты басқа да құтты қадамдар жасап үлгерді. Басқасын айтпағанның өзінде жыл сайын әлемдік діндердің съезі өтіп, әлем дін өкілдерінің елімізде бас қосуы – біздің бейбітшілік пен келісімді нық ұстанған, ұлттық бірлігіміз жарасқан ел екендігімізді көрсетеді. Мұнда да Тұңғыш Президентіміздің Ұлттық Лидеріміздің саламатты өмір халқына деген қамқорлығы, әсіресе, кемеңгерлік саясаты,даналық басшылығы серпін, өрлеу беруде. Қай рухани ілім болсын пендеге дұрыс та, мәнді, қиянатсыз ғұмыр кешуді үйретеді,соған тәрбиелейді. Егер жер бетіндегі жетекші діндер білек біріктіріп, тілек тоғыстырса, онда ол жасампаз ұлы күшке айнала алады. Осыны баршадан бұрын ұққан, зерделеген Елбасымыз рухани сенім мен наным иелерінің ғаламдық кеңестерін өткізуге бастамашы бола білді.
       ҚР конституциясы тұтастықтың, татулықтың кепілі болғандықтан Қазақстан халқы түсіністік, достық, бейбітшілік және келісім жағдайында бейбіт өмір сүріп келеді. Статистика деректері бойынша, елде 140 этнос пен 46 діни қауымдастық бар екені белгілі. Этностар мен діни қауымдастықтардың осыншама көп екеніне қарамастан, елімізде ешқандай келіспеушілік, дүрдараздық белең алмаған. Барлық ұлт, барлық дін өкілі Мәңгілік Қазақстанымызды ортақ Отаны санайды. Қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтардың екіншісі қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім екенін Президентіміз Н.Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты биылғы халыққа жолдаған Жолдауында да айтып өтті. Бұл бәріміздің жадымызда мәңгілік сақталатыны сөзсіз.
Жалпы, Қазақстан және Президентіміз Н.Назарбаев әлемдегі бейбітшілік пен келісімді сақтауда көптеген іс-шараларды атқарып жүр. Сонымен қатар, бейбітшілік пен келісімді әрі қарай дамытуда үлкен жобалар мен жоспарларды ұсынып жүрген бірден бір тұлға – Президент Н.Назарбаев. Мәселен, ғаламдық әлем құрлысының конфессиялар аралық үнқатысуларды жаңа сапалы биіктерге көтеретін маңызды құралының бірі Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған діндер лидерлерінің Кеңесін құру болып табылады. Оның құрамына Ислам, Христиан, Идуаизм, Буддизм, Индуизм, Синтоизм және Зороастризм секілді әлемдік жетекші конфессиялардың өкілдері енді. Оның алғашқы отырысында Мемлекетіміздің басшысы жаңа органның құрылуын заманауи ғаламдық үрдістердегі діндер мен конфессиялар аралық үнқатысулар маңызының уақыт санап өсіп келе жатқанымен байланыстырды. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың рухани көшбасшылар Съездерін шақыру жөніндегі бастамасы да түрлі мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың діндер аралық және мәдениеттер аралық үнқатысуларды алға жылжытудағы қайраттарына қажыр қосуда. Қазақстан этностар аралық және конфессиялар аралық келісімдер жайларын шешуде жинаған тәжірибесімен беделді рухани конгресстерде де бөлісуде.
         Астана өткен әлемдік діндер съезінің бірінде индология және дінаралық үнқатысуды зерттеу институтының төрағасы Шантилал Карамши Сомайя дінді күштеп таңудың кері әсерін, дін лидерлерінің ынтымақтастық рухын және бір-біріне деген құрметі болуы жайында сөз қозғап, діни үйлесімділік, діни еркіндік пен оларға деген құрмет дұрыс білім беруден басталатынын айтқан болатын. Оның мәні – тек діни кітаптарды бірлесіп оқу емес, діндердің шығу тарихын дұрыс түсіне білу, тарихты да терең талдау еді. Әлемдік діндер бір-бірімен ынтымақтастықта болып, діни құндылықтарды пайдалана отырып, тарихтағы рухани күйзелісті болдырмау үшін күресе алады. Адамзатқа ортақ мәселелерді көтеру арқылы дінді саясаттан ажыратып алуға болады. Сол үшін де осындай тек әзірге Қазақстанда ғана өткізіліп жатқан жиындардың атқарар рөлі зор. Бүгінде діни экстремизм, фундаментализм мәселесі қайта қоздап отыр. Соңғы ғасырдағы діннің наным-сенім ретінде орнын жоғалтуы – дін иелерінің оқшаулануына себеп болды. Есесіне, саясаткерлер дін иелерін қолжаулыққа айналдыра бастады. Анықтай айтқанда, дін басшылары саясаткерлер ығында кетіп, солардың ғана сойылын соғуға бейім тұрады. Ал дін иелерінің нақты пайымдамалары мен пікірлері ескерілмей келе жатыр. Дегенмен, Қазақстанның бейбітшілік пен келісім үшін істеп жатқан жұмыстары дін өкілдерінің үлкен күшке ие болуына мүмкіндік беріп, ұлттардың, діндердің т.б. саясаттың құрбаны болуына жол берілмеуде. Бұл ретте, біздің президентіміздің, еліміз Қазақстанның беделі әлем жұртшылығы алдында өсе түсті. Ендеше, әрқашан күн сөнбесін дегендей, еліміз әлемдегі бейбітшілік пен келісімді сақтаудағы жобалары мен жұмыстарына Алланың өзі жар болсын дейміз!..


Дінмұхамед Аязбеков

Ұқсас материалдар