Қандастар Ассамблея

Қазақстандықтар «Сенің даусың – сенің болашағың» конкурсына белсенді қатысуда

05.03.2016 3230
Постерлер байқауы

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің Алматыдағы филиалында «Сенің даусың – сенің болашағың» атты жалпыреспубликалық постерлер байқауына байланысты брифинг өтті.

 

«Сенің даусың – сенің болашағың» атты жалпыреспубликалық постерлер байқауының басты мақсаты – қазақстандықтарды 20 наурызда өтетін Парламент Мәжілісі және бүкіл деңгейлік маслихаттар депутаттарын сайлауға белсенді қатысуға шақыру мақсатында әрі дарынды, талапты отандастарымызды сайлауға шақыратын мотивациялық постерлер дайындау.

 

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің өкілі Диас Есдаулетов: «sailau2016.el.kz. интернет-алаң құрылды. Барлық қатысушылар үшін өз жұмыстарын жүктеуге жағдай жасалған. Онлайн режимде дауыс беруге болады. Байқаудың шынайы өтуі үшін бір-ақ рет дауыс беру функциясы енгізілген. Осы уақытқа дейін 200-ге жуық жұмыс келіп түсті. Қатысушылардың негізгі бөлігі 25 жастағы жастар. Бұл көрсеткіш жас буынның азаматтық ұстанымын анық көрсетіп отыр. Байқау жұмыстарының арасында студенттер, суретшілер, дизайнерлер жіберген тіпті өрт сөндіру қызметі мен шахтерлердің де жұмысы бар».    

 

Екінші жыл қатарынан қазылар алқасының құрамына «Қазақстан Интернет Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Константин Горожанкин еніп отыр. Оның айтуынша өткен жылғы байқауда үздік жұмыстарды іріктеу қиынға оққан. Қатысушылар жіберген жұмыстардың көпшілігі жоғары деңгейде орындалса, кейбір үміткерлер жақсы идея ұсынғанымен суретте ойын жақсы жеткізе алмағандар болған.

«Сенің даусың – сенің болашағың» атты жалпыреспубликалық постерлер байқауы «El.kz» әлеуметтік жүйесі негізінде онлайн-форматында «Казконтент» АҚ-ның техникалық қолдауымен өтеді. Әр қалаған қатысушы байқауға өтінішін беріп, өз материалдарын жүктеуге мүмкіндігі бар. Желі қолданушылары ұнатқан жұмысқа дауыстарын бере алады. Ең көп дауыс жинаған постерлер, білікті және құзыретті қазылар алқасының төрелігіне тапсырылады.

Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі маслихаттар депутаттығына үміткерлерді үгіттеуге бағытталған жұмыстар байқауға қатыстырылмайды. Іс-шара 12 ақпан мен 18 наурыз аралығында үш кезең бойынша өтеді:

2016 жылғы 12 ақпан мен 14 наурыз аралығында байқау жұмыстарын қабылдау жұмыстары жүргізілсе, 2016 жылғы 14-17 наурыз аралығында қазылар алқасы байқау жұмыстарымен танысып, оларды қарастырады. Ал, 18 наурызда – үміткерлердің жұмыстары қорытындыланып, марапаттау шарасы өтеді.

Бүгінгің таңда байқауға 200-ден астам жұмыс келіп түскен.

Постерлер байқауы туралы толық ақпаратты мына сілтеме арқылы біле аласыз: sailau2016.el.kz.


Бақытгүл АБАЙҚЫЗЫ

Ұқсас материалдар