Қандастар Ассамблея

Қазақстандық қарулы күштер әйелдерді «керемет сегіздікпен» құттықтады (ВИДЕО)

05.03.2016 2570
Әскерилер әскери тұрмыста қолданылатын заттардан «8» санын жасап, видео-құттықтау әзірледі.

Қазақстан Қарулы күштерінің әскери қызметкерлері еліміздегі нәзікжандыларды Халықаралық әйелдер күнімен ерекше құттықтады. Әскерилер әскери тұрмыста қолданылатын заттардан «8» санын жасап, видео-құттықтау әзірледі.

«Сегіз» саны 200 десантшылардың қос көгілдір беретінен, әскерилердің жауынгерлік дулығалары, компастар мен дүрбілерден жасалды. Сондай-ақ мерекелік символды тікұшақтың кабинасынан да байқауға болады. Тіпті, әскери доңғалақты техниканың миналары мен шиналарынан, спорттық снарядтар мен музыкалық аспаптардан құрастырылды. Көктемгі мерекенің символы, яғни, «8» саны бейне құттықтауда 30 рет қайталанады. Жас ұландықтар танымал өлеңге бірге билеп, «жүрек» жасайды.


Айсауле Нұрлыбек

Ұқсас материалдар