Қандастар Ассамблея

Қазақстандағы Канада Елшілігі хоккейден достық жарысын өткізді

09.03.2016 3376
2016 жылдың 7 наурызында «Барыс Арена» мұз сарайында Қазақстан Республикасындағы Канада Елшілігі ҚР Шайбалы хоккей федерациясының қолдауымен хоккей бойынша достық жарысын өткізді.

2016 жылдың 7 наурызында «Барыс Арена» мұз сарайында Қазақстан Республикасындағы Канада Елшілігі ҚР Шайбалы хоккей федерациясының қолдауымен хоккей бойынша достық жарысын өткізді.

2012 жылы басталып, хоккейге деген ортақ әуестікті әспеттейтін дәстүрлі осы іс-шара достықты арқау еткен хоккей жарысы арқылы екі ел арасындағы байланыстарды нығайтуды көздеген болатын.

Іс-шара аясында Канада мен Қазақстанның хоккей командалары мұз айдынында өзара күш сынасты. Канада құрамасын Канаданың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Шон Перри Стайл, ал Қазақстан құрамасын ҚР Шайбалы хоккей федерациясының президенті Асқар Мамин бастап шықты. Жарыс қатысушылары алдында ҚР Энергетика министрі Владимир Школьник сөз сөйлеп, ойыншыларға сәттілік тіледі. Оған шайбаны мұзға лақтырып, жарысты ашу мәртебесі бұйырды.

ҚР Шайбалы хоккей федерациясының президенті Асқар Мамин

Ойын өте қызу әрі көңілді өтті. Жарыстың негізгі уақыты 5:5 есебімен аяқталғандықтан, айып шайбаларын соғу (буллиттер) сериясынан кейін ғана жеңімпаз команда анықталды. Нәтижесінде 5:6 есебімен қазақстандық команда жеңіске жетті. Жеңіскер команда ҚР Энергетика министрі Владимир Школьниктың қолынан «Канада-Қазақстан» кубогын алды.

Жарыс хоккей әуесқойлары арасында үлкен қызығушылық тудырып, оған 2 мыңнан аса жанкүйер келді. Олардың барлығына іс-шара серіктестері мен демеушілерінің атынан Канаданың ұлттық дәм-тағамы ұсынылды.

Шон Перри Стайл, Канаданың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі:

- Осы кеш хоккейге ғана емес, сонымен бірге, Канада мен Қазақстан Республикасының арасын жалғап отырған байланыстарды нығайтуға арналып отыр. Қазақстан мен Канада арасында ортақ дүниелер көп: екі ел де жер шарының солтүстік бөлігінде орналасқан, аумағы өте үлкен болғанымен, халық саны аз. Біздің елдерімізде қыс маусымы ұзақ әрі суық, халқымыз қысқы спорт түрлерін жақсы көреді. Екі мемлекеттің де табиғи, энергетикалық, ауылшаруашылық қорлары аса бай. Бүгінгі достық жарыс канадалықтар мен қазақстандықтардың басын мұз айдынында қосып отыр, сондай-ақ, осы іс-шара біздің елдеріміздің арасындағы байланысты нығайтуға септігін тигізеді деп үміттенеміз.

Сайыстар кезінде қайырымдылық лотерея ұйымдастырылып, оны ҚР Ауылшаруашылық вице-министрі Гүлмира Исаева өткізді. Ұтыстың бас жүлдесі ретінде ішіктерді жеткізуші әлемдегі ең ежелгі солтүстік америкалық кәсіпорын саналатын атақты NAFA ұлпан аукционының канадалық тоны (құны 5500 АҚШ долларын құрайды) қойылды. Екінші жүлде ретінде Bauer компаниясының хоккейге арналған спорт жабдығы, үшінші жүлде ретінде канадалық стильде тігілген хоккейлік свитер ұсынылды. Канада елшілігі атынан өткізілген дипломатиялық қабылдау аясында қайырымдылық лотерея мен аукцион қорытындысы бойынша 1,3 миллион теңге жиналды. Бүкіл қаржы Қазақстандағы әуесқой хоккей спортын дамытуға бағытталатын болады.

Қазақстан мен Канада арасындағы екіжақты қатынастардың орнатылғанына 25 жыл толмақ. Демек отандастарымызды алдағы уақытта ҚР-дағы Канада елшілігі ұйымдастыратын көптеген қызықты іс-шаралар  күтуде дейді ұйымдастырушылар.     


Айсауле Нұрлыбек

Ұқсас материалдар