Қандастар Ассамблея

Қазақстан шетелдіктер көзімен #7

28.11.2014 3873
Жаңа жарияланым, жаңа қызықты суреттер!

Құрметті достар! Назарларыңызға "Қазақстан шетелдіктер көзімен" фотоайдарының жетінші жарияланымын ұсынамыз!  Қазақстанға серуендеп келген не елімізде тұрып жатқан шетел азаматтарының интернет желісіне салған қызықты суреттерін аптаның сейсенбі және жұма күндері жариялап отырамыз.

2011 жылдың шілде айында елордамыздың туған күнін тойлауға әлемдік эстрада жұлдызы Jay Sean арнайы қонақ болып шақырылды. Twitter-дегі әлеуметтік парақшасында Қазақстанға келгеніне қуанышты екенін білдірді.

Талдықорғанға көшіп келген вашингтондық Беа ханым осындай кеңпейілділігі мен мейрімділігі мол адамдарды бірінші рет кездестіріп тұрғанын жазды.

Саяхатшы Николастың Текеліде тапқан тарихи ескерткіштері

Ұлыбританиядан көшіп келген Гаррет мырза жәрмеңкелерімізге қызыға барады. Әр сапары фейсбукте осындай ерекше суреттермен баяндалады.

Гаррет мырза Шымкенттен Астанаға жүрген 26 сағаттық сапарында жаңа адамдармен танысып, әдемі табиғатты тамашалап, Қазақстанды жаңа қырынан бақылады.

Ал бұл Льюистер отбасы. Дженифер жолдасына қымыз ішуді үйретуде.

Льюис ханым елордамыздың қытымыр аязына таң қалуда

Астананың аязды түндерінде орын алатын таңғажайып құбылысты бақылаған Гаррет дереу суретке түсіріп, әлеуметтік желідегі достарын да таң қалдырды.

Фотоайдардың бірінші, екіншіүшіншітөртіншібесінші және алтыншы бөлімдерімен осы сілтемелер арқылы таныса аласыздар 

 

Фото: Instagram, Facebook

Әзірлеген: Айгүл Шерниязова

Ұқсас материалдар