Қандастар Ассамблея

Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының арақатынасы туралы

02.03.2015 6889
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының арақатынасы туралы

Бүгінгі мақаламызда Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының арақатынасы туралы айтатын боламыз

Қазақстан  Республикасының  Конституциясында  «қолданыстағы құқық»  ұғымына  жалпы  түсінік  берілген  және  ол  осы  тектес  актілерде  өте сирек  кездеседі. Оның  айқын сипатталуына  байланысты  «қолданыстағы құқық»  ұғымына  конституциялық түсініктеме беруге тура келеді. Қазақстан  Республикасының  Конституциясының Конституциялық Кеңесі төмендегіше түсіндіріледі: «Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  4-бабының  1-тармағының  мән-мазмұны  бойынша «қолданыстағы құқық»    деп  Конституцияның  нақты  кезеңге  күш  жойыомаған, ал халықаралық міндеттемелері бұзылмаған нормалары  және  осы  бапта  аталған  басқа да нормативтік  құқықтық актілері, сондай-ақ  Республиканың халықаралық міндеттемелер түсіндірілуі тиіс. Бұрын  қабылданған  актілерге өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізілген, сондай-ақ  жаңа  актілер  қабылданған  жағдай  осы  актілердің нормалары  қолданыстағы  құқықтың  құрамына  қосылады, ал  күші  жойылды  деп  танылғандары – одан алып тасталды. Жаңадан  қабылданған нормалар  Конституцияның  77-бабының 3-тармағының 5)тармақшасында  орнықтырылған  заңның  кері  күші  туралы  қағиданы  сақтай  отырып  күшіне  енеді»

Конституциялық  Кеңестің  берген  түсіндірмесі   Қазақстан  Республикасы Конституциясындағы  «қолданыстағы құқық»  ұғымын  мәніне  сай  белгілей алмайды. Қазақстан  Республикасының Конституциясында «Қолданыстағы құқық Қазақстан Республикасында оның  заңдарына  сәйкес  келетін  Конституция  нормалары  болып  табылады» деп жазылған. Осы  конституциялық  ұғым  мәнінің  тереңдігі  мынада,  «қолданыстағы құқық»  ұғымына  тек  Конституция  нормалары  ғана  емес, заңда  және басқа  нормативтік  актілер  сәйкес  келуі  тиіс бүкіл Конституция  білдіреді. Кейінгі  баяндауларда  көрінетіндей, Қазақстан  Республикасының Конституциясы тек құқық нормаларына  ғана  емес, сондай-ақ  тиісті  субъектілер  үстем  қағидалар  ретінде  басшылыққа алуы  тиіс  құқықтық идеялардан, принциптерден  де тұрады.

Осыған  орай  Конституция  тура  белгілейді  немесе  оның идеяларын, қағидаларынан, принциптері  мен  нормаларынан  тек  өзіне  ғана тән  санаттар  туындайды. Меніңше, мұның қатарына төмендегідей  санаттар жатады.

Конституциялық кеңістік. Мұндай  ұғым арнаулы әдебиеттерде  қолданылмайды. Алайда, оны  пайдаланудың  айтарлықтай  іс  жүзіндегі  және   заңдық  негізі  бар. Конституция – мемлекеттің  негізгі  заңы, сондықтан  оның  барлық  аумағында қолданылады. Құрлықтағы, судағы, әуе кеңістігіндегі, жер қойнауындағы аумақтық шекарасы Қазақстан Республикасы Конституциясының қолдану болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының  «Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылатындығы» (4-баптың 2-тармағы) туралы қағида, демек, құрлықтағы, атмосферадағы, сулардағы және жер астындағы осы аумақтың конституциялық кеңістік екендігін білдіреді. Осы кеңістікте Қазақстан Республикасының  Конституциясы өктемдік етеді.

Конституциялық  заңдылық. Бүкіл  конституциялық  кеңістікке  Конституция пәрменін  жүргізу  онда  конституциялық  заңдылықтың  орныққандығын  білдіреді. Конституциялық заңдылық  Қазақстан Республикасы Конституциясында  бекітілген нормаларды, идеяларды, принциптерді мемлекеттің, оның органдарының, ұйымдарының, лауазымды адамдардың, қоғамдық  бірлестіктердің, азаматтардың, заңды тұлғалардың, шетелдіктердің  орындауынан көрінеді.   Қазақстан Республикасы Конституциясында Парламент «Республика Конституциялық  Кеңесінің  Республикадағы  конституциялық  заңдылықтың  жай  күйі  туралы жыл  сайынғы  жолдауын  тыңдайды» (53-баптың 11-тармағы) делінген.  Қазақстан Республикасы Конституциясында конституциялық заңдылықпен бірге  «заңдылық»  термині  қолданылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабында, прокуратураның «заңдылықтың кез келген бұзылуын  анықтау  мен  жою  жөнінде  шаралар қолданылатындығы» айтылады.

Конституциялық тәртіп. Конституциялық  заңдылық  негізінде  конституилық  тәртіп,  режим  белгіленеді. Оған мемлекеттік  органдарды, қоғамдық  бірлестіктерді ұйымдастыру  мен  олардың  қызмет  тәртібі  жатады. Сөйтіп, қоғамдық және мемлекеттік институттардың  бірігіп  кетуіне, мемлекеттік органдарда  саяси  партиялардың  ұйымдарын  құруға  жол  берілмейді (5-баптың 1-тармағы). Конституциялық  режим  қоғамдық  бірлестіктер  ісіне, мемлекеттің  және  қоғамдық  бірлестіктедің  мемлекет ісіне   заңсыз  араласуына, қоғамдық бірлестіктерге мемлекеттік органдардың  қызметін  жүктеуге  қоғамдық бірлестіктерді  мемлекеттік қаржыландыруға жол  бермеуден көрінеді (5-баптың 2-тармағы).

Конституцялық  бастама.  Қазақстан  Республикасының  Конституциясы оны өзгерту  мен толықтыру тәртібін  қарастырады. Конституциялық бастама – Конституцияны  өзгертетін  және  толықтыратын  құқытық  идеялардың  сипатталыун білдіруші  субъектілердің  белсенді  әрекеті. Оны  халыққа не  Парламентке үндеу  жолдау арқылы  жүзеге  асыра алатын Қазақстан Республикасының Президенті ғана бірден-бір конституциялық бастама субъектісі болып табылады.


Айсауле Нұрлыбек

Ұқсас материалдар