Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік тұрғыда реттеуді саралау және зерттеу

14.11.2016 12379
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік тұрғыда реттеуді саралау және зерттеу

Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90-жылдардың басында, қайта құрудың басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде былайша айтқанда, «комсомолдық кәсіпкерлік» басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды. Мұның үстіне, өспелі инфляция жағдайына дәл осы кәсіпкерліктің алғашқы толқыны төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ қажетті, былайша айтқанда, бастапқы капитал жинай алды, себебі несие ақша «қымбат» алынып, «арзан» қайтарылды.

мемлекет экономиканы реттеуге батыл араласуы керек. Бұл қағиданың дұрыстығы бүкіл жетілген (өркендеген) Батыс елдерінің Жапония, Оңтүстік Кореяның жетістіктері үлгі бола алады. Бұл елдердің тәжірибесінен алынатын сабақ: 1) экономикалық ресурстарды (жұмыс күші, капитал, жер, кәсіпкерлік қабілеттілік) түгел және тиімді пайдалану арқылы елдің өндірістік өндіргіш күштерін дамытып өндірістік потенциалын арттыру, яғни елдің байлығын арттыру.

Сонымен нарықтық экономика барлық әлеуметтік экономикалық процестерді бүкіл қоғам үшін және оның әрбір азаматы үшін автоматты реттей алмайды. Нарықтық экономика елдің табысын әділ бөлмейді, еңбек ету құқығына кепілдік бермейді, қоршаған ортаны сақтауға көңіл бөлмейді және халықтың қорғансыз бұқара топтарын қолдай алмайды. Жеке бизнес жоғары дәрежелі пайда бермейтін халық шаруашылық салаларына капиталын салмайды, ол мемлекет үшін, қоғам үшін өте қажет болса да. Нарықтық экономика көптеген әлеуметтік экономикалық мәні бар өзекті мәселелерді шешпейді. Ол мәселелер тек қана мемлекеттік іс болады. Қорытып айтқанда, кез келген елдің экономикасы бірқалыпты даму үшін мемлекет қолынан келетін жағдайлардың бәрін жасауы керек. Қазіргі созылып кеткен экономикалық дағдарыс өндірістің өрескел төмендегенін инфляция, қоғамдағы әлеуметтік наразылық т.б. қолайсыз жағдайлар мемлекеттің экономиканы реттеуді жете білмегендігінен, өзіне жүктелген функцияларды атқара алмайтындығын көрсетеді.

Мемлекетке мынандай негізгі функциялар жүктеледі:

  1. Құқықтық негізді жасақтау. Мемлекеттік меншік құқығын анықтайтын, кәсіпкерлік істі реттейтін, өнімнің  сапасын қамтамасыз ететін т.б. заңдар жасақтап қабылдайды. Мемлекет құқықтық негіздер көмегімен кәсіпкерлік іс субъектілерінің қарым-қатынастарын реттейді.
  2. Елде қажетті құқықтық тәртіпті және мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мемлекет әрбір азаматтың, барлық қоғамның нарықтық экономикасы субъектілерінің құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек. Егер мемлекет бұл функцияны орындай алмаса, ол жағдайда елде қылмыстық іс-әрекеттер өріс алады: қылмыстық істер, мафия, коррупция, парақорлық т.б. жағымсыз құбылыстар кәсіпкерлік іске, жалпы елдің экономикасына апатты әсер етеді.
  3. Экономиканы тұрақтандыру, яғни экономиканы тұрақты дамыту, ол үшін макроэкономикалық оптималды көрсеткіштерге жету: жалпы ұлттық өнім, ішкі ұлттық өнім, таза ұлттық өнім, ұлттық табыс, инфляция деңгейі және жұмыссыздық, бюджеттің жетіспеушілігі, т.б. Ол үшін мемлекет қолда бар барлық рычагтар мен әдістемелерді фискалдық, қаржы-несие, ғылыми-техникалық және инвестициялық саясат арқылы іске асыруы керек.

Егер мемлекет экономиканы тұрақтандыруға көңіл аудармаса, ол кәсіпкерлік іске жағдай тұрғызбайды, әлеуметтік жағдай нашарлайды, т.б. Мысалы, егер мемлекет инфляциямен күрес жүргізбесе, инфляция елдің экономикасын берекетсіздендіреді.

Мемлекет тарапынан құрылып жатқан кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының көмегімен жаңа кәсіпорындардың табысы өседі және өндіріс көлемдерін өсіруге септігін тигізетін кәсіпкер мен коршаған орта арасындағы қатынастар жүйесі құрылады.

Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін кәсіпкерлік белсенділікті қолдауға байланысты бірқатар заңдар қабылданды. Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына «Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы мен шаруашылық қызметтің еркіндігі туралы» (1991), «Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы» (1992) заңы сияқты заңдар түрткі болды.

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 – наурыздағы №3398 «Шағын кәсіпкерлікті дамытуды белсендету және мемлекеттік қолдауды күшейту шаралары туралы» және 1998 жылғы 27-сәуірдегі №3928 «Жеке және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне деген құқығын қорғау туралы» жарлықтары кәсіпкерліктің дамуына жаңа күш берді. Осы жарлыққа орай, Қазақстанда шағын бизнесті дамыту жөніндегі алғашқы арнайы орган ретінде сауда және экономика министрлігінің құрамында шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі агенттік құру және оның жұмысын  ұйымдастыру ұйғарылды.

Кәсіпкерлік азаматтық-құқықтық реттеу объектісі болып табылады. Азаматтық құқықтық нормалары кәсіпкерлік саласында пайда болатын құқықтық қарым-қатынасты ғана реттемейді, онда кәсіпкерлердің құқығы мен заңды мүддесін сыбайлас-жемқорлықтан қорғауға бағытталған нормалар қатары бар. ҚР Азаматтық кодекс (Жалпы бөлімі 27.12.1994 жылы қабылданған, іс-әрекетке 01.03.1995 жылы кірген, Ерекше бөлім 01.07.1999 жылы қабылданған) жадталған жүйе құратын заң болып табылады, ол мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастың барлық ауқымын реттейтін құқықтық негіз болып қызмет етеді, нарықтық экономика жағдайында дамиды. Кәсіпкерге Азаматтық Кодекстің 2-бабымен танысу қажет, онда азаматтық кодекстің негізгі қағидаларының біреуі бекітілген – кім болса да жеке істерге араласпауы. Біріншіден, кәсіпкерлік түсініктің мағынасын түсіну қажет.

ҚР АК-нің 10-бабы келесідей анықтама береді: «Кәсіпкерлік – ол меншік формасына қарамастан, тауарларға (жұмыстар, қызмет көрсету) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс алуға бағытталған, жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық жүргізу (мемлекеттік кәсіпкерлік) құқығына негізделген азаматтардың және заңды тұлғалардың бастамалы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, тәуекелмен және мүліктік жауапкершілікпен жүзеге асырылады».

ҚР Азаматтық кодексінің 10-бабының 3-тармағында кәсіпкерлерді қорғау және қолдау тәсілдері қаралады:

1) кәсіпкерлік қызметті, қызметтің лицензияланатын түрлерінен басқа ешкімнің рұқсатын алмай-ақ жүзеге асыру мүмкіншілігі. Конституцияның 10-бабы ҚР-ның әр азаматының, арнайы рұқсат талап етілетін қызмет түрлерінен басқа (лицензия), ешбір шектеусіз және рұқсатсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығығ бекітеді. Кәсіпкерлік қызметті лицензиялаудың негізгі міндеті өз-өзіне немесе азаматтар мүддесін бұзуы мүмкін түрлерін шектеу болып табылады.

Кәсіпкерлікті лицензиялауға заңнамалық негіз болып 1995 жылы 17 сәуірдегі ҚР «Лицензиялау туралы» Заңы қызмет атқарады.  Лицензияны беру шарттары бұзылған жағдайда ол заңсыз деп мойындалуы мүмкін. Лицензияны мерзімінен бұрын тоқтату, кері қайтарып алу, оның іс-әрекетін тоқтата тұру немесе оны заңсыз деп мойындау заңнамалық актілермен бұлтартпай белгіленген және сыбайлас-жемқорлыққа жол бермей үшін оған қатаң сәйкес болуға тиіс;

2)кәсіпкерліктің барлық түрлерін экономиканың барлық саласында бір тіркеу органда шамасынша жеңіл тіркеу тәртібі. ҚР 1995 жылғы 17 сәуірдегі «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілеттіліктерді есепке ала тіркеу туралы» Заңмен заңды тұлғаларды, оның ішінде кәсіпкерлік қызметпен айналысатындарды тіркеудің жалпы тәртібі бекітілген [8]. Тіркеу кезінде кәсіпкерлік қызметпен айналысу заңдылығы тексеріледі.

Заңды тұлғаны тіркеу үшін тіркеуші органға ҚР Әділет министрлігі белгілеген форма бойынша өтініш беріледі және мемлекеттік және орыс тілдерінде құрастырылған үш дана құрылтай құжаттары қосымша беріледі.

Заңды тұлғаларды тіркеу, филиалдар мен өкілдіктердің есептік тіркеуіне қатысты сұрақтар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен (ары қарай – ҚР АҚ) реттеледі,оның ішінде бір қатар заңды тұлғаларды тіркеу, қайта тіркеуге арналған нормалар: Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 17 сәуіріндегі № 2198 «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктердің есептік тіркеу туралы» және басқа ұйымдастыру- құқықтық нысанасына байланысты заңдар қамтылған.

Заңды тұлғаларды құру рәсімін жеңілдету мақсатында заң жобасымен ұсынылады:

- мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу мерзімдерін қысқарту;

- заңды тұлғаны электрондық тіркеу мүмкіндігі;

- қатысушы заңды тұлға болып табылған жағдайда, салық берешегі жоқтығы туралы анықтаманы талап етуден бас тарту;

- жеке кәсіпкерлік субъектілердің жарғысы мен олардың құрылымдық бөліністері туралы ережелерді талап етуден бас тарту және бірқатар түзетулер.

Сонымен қатар, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу рәсімін жеңілдету үшін заң жобасымен шаруашылық серіктестіктердің алғашқы тіркеу кезінде құрылтай құжаттарының (жарғының және құрылтай шартының) міндетті түрде нотариалдық түрде куәландырудан бас тарту көзделіп отыр, ол заңды тұлға қатысушыларының, құрылтай құжаттарын рәсімдеудегі шығындарын төмендетеді.

Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің заңнамалық негіздері:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы ( 1995 жылғы 30 тамыз да республикалық референдумде қабылданған) (2007.21.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен).

2. Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы Қазақстан Республикасының 1998 ж. 22 сәуірдегі № 220-I Заңы (2009.12.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен).

3. 2007 ж. 12 қаңтардағы № 224-III ҚР Жеке кәсіпкерлік туралы Заңы (2009.20.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен).

4. 2007ж. 19 желтоқсанындағы № 9-ІV Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі ( 2009.19.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

5. ҚР Азаматтык кодексі .

6. «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы № 214 Заңы.

7."Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2002 жылғы 10 шiлде N 341-II.

2008 жылғы наурыздан бастап шағын және орта бизнес субъектілерінің тиімді дамуына әсер ететін мәселелердің барлық аясын қамтитын Шағын және орта бизнес үшін әкімшілік кедергілерді жою және бизнес ахуалды жақсарту жөніндегі комиссия қызмет етеді.

2008 жылы Комиссия елдегі бизнес ортаны жақсарту және әкімшілік кедергілерді жоюға бағытталған Үкіметтің 14 қаулысын және бірқатар ведомство актілері қабылданды.

2.2Әлеуметтік-экономикалық сферада кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеуді экономикалық тұрғыда зерттеу нәтижелері

Нарықтық экономика өзінің жағымды жақтарына қарамастан, қоғам мен әрбір азаматтың мүдделеріне негізделген экономикалық, әлеуметтік құбылыстарды өздігінен реттей алмайды. Ол әлеуметтік тең табыстың бөлінуін қамтамасыз ете алмайды, әлеуметтік тұрғыда еңбек құқығына кепіл бола алмайды, қоршаған ортаны қорғауды көздемейді және халықтың қорғансыз бөлігін қолдамайды.

Жеке бизнес жеткілікті пайда әкелмейтін салалар мен жобаларға капитал салуға мүдделі емес, бірақ бұл салалар мемлекет пен қоғам үшін өмірлік қажетті салалар болып табылады.

Бұл мәселеде мемлекеттің айрықша құзіреті – елге сенімді құқықтық тәртіпті, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ал бұл өз кезегінде экономика мен кәсіпкерлік дамуының негізі болып табылады.

Осылайша, кәсіпкерлікке қажетті жағдайлар мемлекет тарапынан жасалмаса кез келген елде кәсіпкерлік қалыпты түрде дамымайды. Мемлекет әрдайым қазіргі заманғы экономиканы реттейді. Ұйымдық-құқықтық әсер ету жеке бастамашылдықты ынталандыруға және шаруашылық жүргізуші субъектілер жұмысын дамуытуға қажетті жағдайлар жасау жолымен көмек көрсетуге бағытталған.

Мемлекеттің кәсіпкерлік саласындағы бірегей реттеуші саясаты кәсіпкерлік қызметті мемлекетпен оңтайлы реттеуге, кәсіпкерлік қызмет құқығын жүзеге асыруға әкімшілік, экономикалық және құқықтық кедергілерді жоюға бағытталған қызмет болып табылады[26].

Сурет  1 – ШОК макрокөрсеткіштерінің салалық құрылымы

Ескертпе: ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша құрастырылған

Кәсіпкерлік саласындағы бірегей мемлекеттің реттеуші саясаты кәсіпкерлік қызметті нормативтік реттеуді ретке келтіру, яғни нормативтік-құықтық актілерді және директивті хаттарды шығару жолымен жүзеге асырылады.

кәсіпкерлік қызметті нормативтік реттеуді ретке келтірудің негізгі принциптері мыналар болып табылады:

- мақсаттылық, жеткіліктілік және нормативтік реттеудің нарықтық қатынастар талаптарына сай болуы;

- реттеуші актілерді енгізудің экономикалық және әлеуметтік қорытындыларына жетуді қамтамасыз ету және тиімділік;

- нормативтік актілерді әзірлеуге, шығаруға және орындауға қатысты іс-әрекеттердің жүйелілігі, бірізділігі және үйлестірушілігі;

- нарықтық ортаға кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделеріне әсер ететін, анағұрлым маңызды реттеуші актілер жобаларын дайындау процесінің жариялылығы және бұл жобаларды көпшілікпен талдау;

- кәсіпкерлік қызмет субъектілеріне шығарылған реттеуші актілердің дер кезінде және  міндетті түрде жеткізілуі.

 

Сурет 2 – Экономика мен шағын кәсіпкерлікке бөлінген несие көлемі

Ескертпе: ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша құрастырылған

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің кәсіпкерлік қызметін мемлекеттік реттеудің мақсаты үш негізгі міндетпен жүзеге асырылады: нарықтың өркениетті жұмыс істеуінежағдай жасау, ғылым мен ғылыми-техникалық прогресті стратегиялық жоспарлау, макроэкономикалық мәселелерді шешу.

Бірінші міндетін қысқаша түрде келесідей қорытуға болады:

- шаруашылық жүргізуші субъектілердің нысаны мен басқару ережесін анықтау;

- шаруашылық келісімшарттардың орындалуын қамтамасыз ету тетігін құру;

- субъектілер арасындағы келіспеушіліктердің алдын алу және оларды сотпен шешу;

- шаруашылық жүргізуші субъектілер өнімдерін тұтынушылардың құқығы мен мүдделерін қорғау;

- ақша жүйесін белгілеу;

- өнімдердің стандарттары мен шамаларын белгілеу.

Екінші міндеті кәсіпкерліктің жұмыс істеу стратегиясымен жарақталуды және ғылыми-техникалық прогрестің қорытындыларымен байланыстыруды қамтамасыз етеді.

Үшінші міндеті кәсіпкерліктің жұмыс істеуінің барлық циклін аяқтайды және келесі мәселелерді жүйелі түрде шешеді:

- ұлттық өндірістің көлемі;

- экономика дамуының үйлесімділігі;

- экономикалық дамудың қарқыны;

- елдің сыртқы экономикалық балансы;

- елдің жұмысқа қабілетті тұрғындарының жұмысбастылығының деңгейі;

- әлеуметтік қорғау.

Сурет 3 – Қазақстан Республикасының ЖІӨ-дегі ШОК үлесі

Ескертпе: ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша құрастырылған

Нарықтық қатынастардың ерекшелігі кәсіпкерлік қызмет субъектілері түрлері сияқты, мемлекеттік бақылаудың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің кәсіпкерлік қызметін бақылау мен реттеудің шектері, түрлері мен әдістерін негіздейді.

Нарықтық қатынастарға мемлекеттік-құқықтық әсер етудің құралдарын таңдағанда шаруашылық жүргізуші субъект әрекет ететін экономикалық ортаның (сыртқы және ішкі) маңызы зор. Экономикалық орта деп шаруашылық жүргізуші субъект іс-әрекетіне, олар қабылдаған шешімдерге әсер ететін жағдайлар мен факторларды айтамыз.

Көп жағдайда сыртқы экономикалық ортаның факторлары мемлекеттік-құқықтық реттеуге тап болады, олар келесідей категоряиларға бөлінеді:

- нарықтық қатынастардың сипаты;

- шаруашылық жүргізуші субъектілердің құқықтық арақатынасының сипаты;

- қоғамдық-әлеуметтік факторлар;

- жалпы экономикалық жағдайлар;

- саяси факторлар.

Бұл жерде ең басты буын – нарық . Нарық дегеніміз сатушылар мен сатып алушылар арасындағы экономикалық қарым-қатынастың жүйесі, негізгі элементтері болып баға, сұраныс пен ұсыныс болып табылады. Бұл элементтерді көп жағдайда алдын ала болжай алмаймыз, сондықтан нарыққа (нарықтық қатынастар механизмі) тікелей мемлекеттік-құқықтықтық әсер етудің тиімділігі туралы айта алмаймыз. Бұл жерде көп процестер құқықтық реттеуге бағынбайды.

Бұған мыналар жатады:

- салық пен жеңілдіктер жүйесі;

- бағалық саясат; 

- халықтың жұмысбастылығын,  кәсіби дайындығын реттеу;

- инфрақұрылымның дамуына, ақпараттық қамтамасыз етуге әсер ету және т.б.

Мемлекеттік тікелей бақылау мен реттеуге жататындар:

- қаржылық;

- экологиялық;

- санитарлық;

- өрт қауіпсіздігі;

- ақша бірліктері мен таразылардың өлшемдеріне;

- өнімнің сапасы мен сертификатталуына.        

Осы және басқа да, тікелей және жанама шаралар құқықтық және ұйымдастырушылық нысанда: құқықтық-шығармашылық қызмет процестерінде және құқықты іске асыру барысында жүзеге асырылады.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің кәсіпкерлік қызмет саласына мемлекеттің араласуы (яғни реттеу) келесі жағдайларға негізделген:

- экономикалық қызмет саласында субъектілердің тағдау еркіндігінен туындайтын экологиялық апаттардың алдын алу және экологиялық мәселелерді шешу;

- кәсіпкерлік қарым-қатынастағы қылмыспен күрес;

- экономикалық дағдарыстар мен әлеуметтік күйзелістердің алдын алу;

- ұлттық ресурстарды пайдалуға бақылау жасау;

- халықтың аз қамтылған тұрғындарын әлеуметтік қорғау.


Роза Әрен

Ұқсас материалдар