Қандастар Ассамблея

Қазақстан халқының ынтымағы мен бейбітшілігі

17.03.2015 3881
Семей қаласының Цемент кентіндегі кітапхана-бөлімшесінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Қазақстан халқының ынтымағы және бейбітшілігі» атты достық кеші өтті.

Семей қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің Цемент кентіндегі кітапхана-бөлімшесінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Қазақстан халқының  ынтымағы және бейбітшілігі» атты  достық  кеші өтті.  Мерекелік шараға №22 мектептің  7 «А», «Б» сынып оқушылары  және №32 мектептің  7 «В» сынып оқушылары қатысты.

Достық кешінің арнайы қонақтары ретінде Семей  қаласы  Достық үйіндегі  «Достық құшағы» атты ұлттық мәдени орталығы,  казак  этно-мәдени орталығы және «Свитанок» украина  мәдени бірлестігінің  өкідері шақырылды.

Шараның басты мақсаты рухани бірлік идеясының қалыптасу жолын көрсету, ұлтаралық ынтымақ пен достыққа тәрбиелеу.

Ұлттық киімдер киген кітапхана қызметкерлері кешті  қазақ және орыс тілдерінде жүргізді.

Шара басында жүргізушілер 1 наурыз күні Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 20 жыл толғанын айтып, оның тарихы, әртүрлі этномәдени орталықтардың саяси рөлі мен маңыздылығы жайлы, Семей қаласындағы «Достық үйінің» жұмысы туралы кең көлемде ақпарат берді.

Бұдан кейін «Достық  құшағы» ұлттық мәдени орталығының жетекшісі  Ғ.Ө.Азимовке   сөз берілді. Ол орталықтың жұмысы мен жетістіктері туралы әңгімелей келе, оның тарихымен таныстырып өткеннен кейін, әжелеріміз шашуларын  шашып,  қазақтың халық әндерін шырқады.

Келесі  кезекте  казактар мәдени орталығынан келген атаман Олег Анатольевич Радионов орталықтың тарихымен таныстырып, ұжымымен бірлесіп казактардың ұлттық әнін орындап берді.

Сөз кезегін алған «Свитанок» атты украина  мәдени  бірлестігінің  өкілі  Марьян Стефанович Федух  ҚР-ның Президенті жүргізіп отырған саясаттың арқасында Қазақстан халқы тату-тәтті, ынтымақта және бейбіт өмір сүріп жатқандығын атап өтті. Сонымен қатар ол сырнайдың сүйемелдеуімен украин әндері мен  Қазақстан халықтарының әуендерінен поппури орындады.

Әртүрлі ұлт өкілдерінің өнерлерін қошеметпен жылы қабылдаған мектеп оқушылары да өздерінің музыкалық сәлемдерін тарту етті. 10 сынып оқушысы Гүлназ Рысбекова, 7 сынып оқушылары Ж.Карибаева, Д.Ерғалиева, Ж.Ғабдуллиндер неміс, татар, қазақ тіліндерінде өлең, тақпақтарын айтса, «Белес» қазақ халық биін  Г.Асембекқызы, Д.Искакова, А.Мағауиянова билеп берді.

Шара  соңында кітапханашылар  халықтар достығы мен  бірлігінің символы ретінде келген қонақтармен  бірге  қол  ұстасып, ән шырқады.

«Бірлік. Достық. Ынтымақ» атты кітап  көрмесіне қойылған әдебиеттерге библиографиялық  шолу жасалды.

Ұқсас материалдар