Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясы (ФОТО)

26.04.2016 3682
Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан этно-мәдени бірлестіктері бас қосты

2016 жылғы 26 сәуірде Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында  Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төрағалығымен «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясы болып өтті.

Президент Ұлт жоспары әлемдік дағдарысқа қарамастан, бизнесті дамыту үшін кең мүмкіндіктерге жол ашатынын айтты. Сонымен қатар, сөз арасында Мемлекет басшысы Ұлт Жоспарындағы Қазақстан халқы Ассамблеясына жүктелген үш негізгі бағытқа тоқталып, оның барлығы тұтастай Қазақстан халқы бірлігін, келісімі мен татулығын нығайтатынын атап өтті.

Сессияның жұмысына 1 500-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында барлық өңірлерден келген Ассамблеяның ардагерлері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, жоғары оқу орындарының  ректорлары, шет елдердің дипломатиялық миссиялары, ғылыми, шығармашылық зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысты.

Сессияда қазақстандық ғарышкер, шетелдік қонақтар, өңірлерден келген делегаттар, спортшылар, жұмысшы мамандықтарының, бюджеттік және жастар ұйымдарының, азаматтық қоғамның өкілдері және басқалар сөз сөйледі. 

Ассамблеяның XXIV сессиясының қорытындысы бойынша  «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық актісі жария етілді.

«Мәңгілік Ел» патриоттық актісін қабылдайық деп отырмыз. Оны жан-жақты талқылап, қолдау білдіргендеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Осы маңызды құжатты көптен бері дайындап, дәл биылғы мерейлі жылда қабылдануы айрықша маңызға ие. «Надан халық бір жылын, ақылды халық бір ғасырын, дана халық мәңгілік болашағын ойлайды» деген сөз бар. Біз бұл жолда мәңгілік болашағын ойлайтын дана халық болайық», - деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.


Суреттерді түсірген: Нурбек АЛЬМАНБЕТОВ

Ұқсас материалдар