Қандастар Ассамблея

Қазақстан Барысы 2016 турнирінің финалисттері

06.06.2016 3409
2016 жылдың «Қазақстан Барысы» турнирінің іріктеу жарыстары аяқталып, 32 балуан ақтық сайысқа жолдама алды.

2016 жылдың «Қазақстан Барысы» турнирінің іріктеу жарыстары аяқталып, еліміздің 14 облысы мен Астана, Алматы қалаларынан жеңімпаз атанып, 32 балуан ақтық сайысқа жолдама алды.

Өткен жылдардың финалға қатысқан балуандарымен қатар, биыл 11 балуан республикалық турнирдің бас жарысының кілеміне алғашқы рет қадам басады. Олар: Дулат Алпысов (СҚО), Алтынбек Аусағитов (СҚО), Еркебұлан Егінбаев (Павлодар облысы), Еламан Ерғалиев (Қызылорда облысы), Сержан Ерлан (БҚО), Ербол Игілік (Маңғыстау облысы), Бауыржан Қабай (Алматы қаласы), Абылайхан Қасымхан (Қостанай облысы), Асхат Құсайынов (ШҚО), Дархан Темірханов (Ақтөбе облысы) және Мереке Тұрашев (Ақмола облысы).

Алдыңғы жылдардың жеңімпаздары: Руслан Әбдіразақов, Асыл Бәрменов, Жұманазар Ерсұлтанов, Айбек Нұғымаров, Бейбіт Ыстыбаев пен тұңғыш барыс Ұлан Рысқұл көрермендер мен жанкүйерлерді Астана қаласында өтетін финалға шақырады. Былтырғы финалист Талғат Әмренов биыл «Әскер Барысы 2016» республикалық турнирінің жеңімпазы атанып, «Қазақстан Барысы» турнирінің жолдамасына ие болды.

16-18 мамырда балуандардың бәрі Алматы қаласында ұйымдастырылған жалпы жиынына келіп, бір - бірімен танысып, медициналық тексерістен өтіп, допинг талдауына анализ тапсырды. Осы күндері фото және бейне-түсірілім материалдары сайтта, және әлеуметтік желілердегі ресми парақшасында жарияланады. 

«Қазақстан Барысы 2016» турнирінің ақтық сайысына қатысатындар:

Ақмола облысы: Мереке Тұрашев, Леонид Станеев
Ақтөбе облысы: Дархан Темірханов, Нұрсұлтан Иманғазин
Алматы облысы: Ұлан Рысқұл, Александр Касачёв
Атырау облысы: Сұңғат Закарияев, Кенжебек Күзембаев
Батыс Қазақстан облысы: Олжас Сүлейменов, Сержан Ерлан
Жамбыл облысы: Айбол Айтбек, Дәулетхан Жақыпов
Қарағанды облысы: Асыл Бәрменов, Бекзат Ахметбеков
Қызылорда облысы: Еламан Ерғалиев, Руслан Әбдіразақов
Қостанай облысы: Ерлан Омаров, Абылайхан Қасымхан
Маңғыстау облысы: Нұрдәулет Жарылғапов, Ербол Игілік
Оңтүстік Қазақстан облысы: Жұманазар Ерсұлтанов, Нұрсұлтан Мыңғышов
Павлодар облысы: Самир Мәмедов, Еркебұлан Егінбаев
Солтүстік Қазақстан облысы: Алтынбек Аусағитов, Дулат Алпысов
Шығыс Қазақстан облысы: Айбек Нұғымаров, Асхат Құсайынов
Алматы қаласы: Виктор Демьяненко, Бауыржан Қабай
Астана қаласы: Айбат Сейтен, Айтуар Абдулов
Әскер Барысы: Талғат Әмренов

Ұқсас материалдар