Қандастар Ассамблея

Қазақстан қоржыны тағы бір Олимпия жолдамасымен толықтырылды

06.04.2016 2035
Қатардағы жауынгер Қайрат Ералиев филиппин боксшысын ойсырата жеңіп, Олимпия ойындарына 7-ші рецензияға қол жеткізді

Келісімшарт бойынша қатардағы жауынгер Бразилияда Қазақстанның намысын қорғайтын болады. Бұл әскер қызметкерлерінің Рио-2016 Олимпиада ойындарына алған 7 рецензиясы.

ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшісі Армия орталық спорт клубының былғары қолғап шебері, бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, келісімшарт негізіндегі қатардағы жауынгер Қайрат Ерәлиев бокстан Азиялық жолдама турнирі аяқталған Қытайдан оралды.

Бұл турнирде қатардағы жауынгер Қайрат Ерәлиев 56 келі салмақта өнер көрсетіп, турнирдің қола жүлдегері атанды. Жартылай финалдық шайқаста спортшымыз Үндістанның былғары қолғап шебері Шив Тападан 3:0 есебімен жеңіліп қалды. Олимпия жолдамасына қосымша күресудегі box-off жекпе-жегінде Ерәлиев турнирдің екінші қола жүлдегері Филиппиннің боксшысы Марио Фернандемен шаршы алаңында кездесті. Қарсыласын 3:0 есебімен ойсырата жеңіп, ҚР ҚМ АОСК-ның қатардағы жауынгері Қайрат Ерәлиев алдағы уақытта Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпия ойындарына жолдама жеңіп алды.

Осылайша, Ерәлиев ҚР Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының спортшылар қоржынын жетінші Олимпия жолдамасымен толықтырды.

Бүгінгі күні Олимпиада спортшылардың дайындалатын басты сайыстың бірі болып табылатынын айта кетейік. Рио-де-Жанейродағы Олимпия ойындары – 2016 ойындарына жолдама алғандардың арасында балуан, кіші сержант Ғалымжан Үсербаев, жеңіл атлетші, ҚР ҚМ АОСК-ның капитаны Ольга Рыпакова, жеңіл атлетші, ҚР ҚМ АОСК-ның келісімшарт негізіндегі қатардағы жауынгері Михаил Красилов, былғары қолғап шебері, ҚР ҚМ АОСК-ның аға сержанты Біржан Жақыпов, оқ атудан ҚР ҚМ АОСК-ның спортшысы Юрий Юрков және байдаркаларда есуден 3-сыныпты сержант Евгений Алексеев бар.


Ұқсас материалдар