Қандастар Ассамблея

Қазақ жерінің отарлануының ең соңғы сатысы

03.09.2014 2135
Патша үкіметі Сенатының 21 қазан 1868 жылғы «Орал, Торғай, Ақмола, Семипалатинск облыстарын уақытша басқару туралы ережесі» бойынша Ақмола губерниясы құрылды.

Патша үкіметі Сенатының 21 қазан 1868 жылғы «Орал, Торғай, Ақмола, Семипалатинск облыстарын уақытша басқару туралы ережесі» бойынша Ақмола губерниясы құрылды. Орталығы Омбы қаласы болды. Бұл қазақ жерін  отарлаудың ең соңғы сатысы еді. Бұрын дуандарды (округтерді) аға сұлтандар басқарып, аға сұлтандар міндетті түрде қазақтардан сайланса, ел басқарудың бұл ережесі  бойынша  қазақтар мүлдем ығыстырылды, көп дегенде кеңесші (Кеңесник), тілмаштық қызметтерге ғана ие болды. Сол кездегі Солтүстік Қазақстан облысы жеріндегі жоғарыда аталған Көкшетау және Құсмұрын дуандары Ақмола губерниясына қарады.

Қазан революциясынан кейін өлкенің әкімшілік­ территориялық бөлінісінде өзгерістер болып, 1918 жылы (19 қаңтар) Ақмола губерниясы негізінде жаңа әкімшілік аумақ Омбы губерниясы (облысы) құрылды, орталығы – Омбы қаласы. Губерния құрамына Омбы, Петропавл, Көкшетау, Ақмола, Атбасар, Тары, Текелі уездері кірді.

21 сәуір 1921 жылы Петропавл қаласында Омбы губерниясынан бөлініп Ақмола губерниясы құрылды. 26 сәуір 1921 жылы КирЦИК­тің төмендегідей шешімі шықты.

«1. Петропавл, Көкшетау, Ақмола және Атбасар уездері Омбы губерниясының құрамынан шығып, Қазақ Социалистік Кеңестік Республикасына кіретін Ақмола губерниясы құрылсын.

2. Жаңа құрылған Ақмола губерниясының орталығы Петропавл қаласы болсын».

1932 жылдың 20 ақпанында Қарағанды облысы құрылды. Бұл облысқа 21 аудан және Петропавл, Көкшетау, Атбасар, Ақмола және Қарағанды қалалары кірді.

1936 жылы 24 маусым күні Қарағанды облысы Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстары болып екіге бөлінді.

Қоғам өмірінде жаппай террордың басталуы, 30­жылдардағы биліктің жүгенсіздігі, халықтың басына қара бұлт үйірді. БК(б)П ОК­нің ақпан­наурыз (1937) пленумы елдегі саяси қуғын­сүргінді барынша күшейтіп жіберді. 1936 жылы және 1937 жылдың 4 айында облыста 140 адам партиядан шығарылды және қамауға алынды, оның 67­сі халық жауы болып есептелді. 1937 жылы қазанда Преснов ауданының басшылары тұтқындалды. 5 мыңнан астам солтүстікқазақстандық саяси қуғын­сүргіннің құрбаны болды. 1937­1938 жж. болған заңсыздықтар шаруашылық және мәдени құрылыстың дамуын түпкілікті тежеп тастады. Қоғамның моральдық­психологиялық ахуалын қиындатып, елдің қорғаныс қабілетін төмендетті.

Ұлы Отан соғысының алғашқы күндері облыстың  еңбек ұжымдарында көп адам жиналған митингілер мен жиналыстар болып, солтүстікқазақстандық Отанды қорғауға, елдің қорғаныс қабілетін күшейтуге  дайын екендіктерін білдірді. Жүздеген жігіттер мен қыздар әскерге шақыру орындарына «Мені майданға жіберіңіз!» деген өтінішпен келді. Соғыс басталғаннан кейінгі бес күн ішінде Петропавлдан майданға 702­құрылыс батальоны аттанды. 1941 жылғы тамызда Солтүстік­Батыс майданға Қазақстанның солтүстік облыстарындағы әскери міндеттілерден құралған 314­атқыштар дивизиясы жіберілді. Дивизия Ленинград түбінде, Балтық жағалауында жаумен шайқасты, Польшада, Чехословакияда жауды талқандады. Александр Невский орденімен марапатталды.

Мыңдаған жауынгер­жерлестер даңқты Гвардиялық дивизиясында Мәскеу үшін шайқасты, көптеген солтүстікқазақстандықтар Сталинградты қорғауға қатысты. Курск доғасында, Днепрде, партизан отрядтары құрамында жеңіспен соғыса отырып, Германия жерін ғана емес, сонымен қатар Польша, Венгрия және Румыния халықтарын фашистерден азат етті.

«Есімдері ел есінде», құрастырған Абай Тасболатов

Ұқсас материалдар