Қандастар Ассамблея

Қазақ тілді интернет қолданушылар үшін сауат ашуға арналған 5 кітап жарық көрді!

11.12.2014 4580
«Казконтент» АҚ қазақ тілінде ақпараттық технологияларды, кейбір бағдарламалармен таныстырып, жұмыс істеу негізінде интернет қолданушылар үшін көмекші құрал ретінде 5 түрлі кітап шығарып отыр.

«Казконтент» АҚ қазақ тілінде ақпараттық технологияларды, кейбір бағдарламалармен таныстырып, жұмыс істеу негізінде интернет қолданушылар үшін көмекші құрал ретінде 5 түрлі кітап шығарып отыр. Бұл кітап қазақ тілді интернет қолданушылар үшін таптырмас құрал. Аталмыш кітаптардың барлығы еліміздің әр облысындағы Білім басқармаларына жіберілді. Сондай-ақ, El.kz сайтында бұл курстардың электронды нұсқасы да орналастырылған.

Назарларыңызға аталмыш курс туралы жеке-жеке тоқталып, қысқаша анықтама беріп өтуді жөн көріп отырмыз:

1. «Ақпараттық технологиялар негіздері» оқу-әдістемелік құралы.

Ақпараттық технологиялар негіздері курсы компьютер және оның құрылғылары, желі, автоматтандырылған жүйелер жөнінде жаңа ақпарат алып, жұмыс жасауды үйренгісі келетін қолданушылар үшін жетекші құрал болып табылады. Сонымен қатар, бұл курсты пән ХХІ жаңа ақпараттық технологияларды оқытудағы компьютерді қолдануда тәжірибесі аз немесе тәжірибесі жоқ мұғалімдерге көмекші құрал ретінде қолдануға болады.

2. «Java» оқу-әдістемелік құралы.

Бұл курс қазақ тілді оқырмандарды Java бағдарламау тілімен, оның негізгі ұғымдарымен және қағидаларымен таныстыру мақсатында әзірленді. Курс құрылымы мысалдармен түсіндірілетін 12 негізгі тақырыптан тұрады. Әр тақырыптан кейін, алған біліміңізді пысықтау үшін тест сұрақтар беріледі. Бұл Java бағдарламалау тіліне арналған кіріспе курс.

3. «Білімді жетілдіруге арналған бағдарламалар мен қосымшалар» оқу-әдістемелік құралы.

Курс барысында интернет арқылы білім алудың тиімді тәсілдерін ұсынатын жаңа технологиялар қарастырылған. Білім беру саласының қарқынды дамуы әсерінен оқытудың жаңа тәсілдері ұсынатын технологияларды пайдалана алу маңызды. Кітапта үлкен көлемді деректермен, аудармашылармен, энциклопедиялармен жұмыс істеу үлгісін үйренуге болады.

4. «Microsoft Excel» оқу-әдістемелік құралы.

Бұл курс Microsoft Excel (MS Excel) бағдарламасында жұмыс істеу негіздерін үйретуге арналады. Курс құрылымы 11 тақырыптан тұрады. Әр тақырыпты түсіндіру үшін нақты мысалдар берілген. Аталған курсты өткен соң, әртүрлі қызмет саласында еңбек ете жүріп, Excel бағдарламасында маңызды операцияларды орындауды үйренесіз.

5. «Интернет ресурстарын құру» оқу-әдістемелік құралы.

Интернет ресурстарын құру курсы – бағдарламалауды үйреніп жүргендер үшін контентті басқару жүйелерін қолданып, сайт құруды үйретуге бағытталған көрнекі құрал жиынтығы. Курс 12 тақырыптан тұрады. Оқу барысында алған білімді қолданып, өз бетінше сайт құрастыруға және ол сайтты хостингке орналастыруды үйренесіз. 

Ұқсас материалдар