Қандастар Ассамблея

Қазақ руларының ұраны мен таңбасы: Қаракерей руы

30.12.2015 14388
Қаракерей — Орта жүз Найман тайпасының руы.

Қазақ филологиясының көрнекті қайраткері, қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі, белгілі түрколог, филология ғылымдарының докторы, профессор Сәрсен Аманжоловтың «Қазақ тілі диалектологиясы мен тарихының мәселелері» атты кітабының негізінде El.kz редакциясы Қазақ руларының атауын, ұранын және таңбасын бірыңғай стильде бір суретке салып өз оқырмандарына ұсынады.

Қаракерей руы

Қаракерей — Орта жүз Найман тайпасының руы. Шежіре деректеріне қарағанда, Қаракерей құрамына Қожамбет, Мұрын, Ақымбет, Ерсары, Сыбан, Қыржы, Байжігіт, Жастабан, Шүрентай, Тоқпақ, Тума, Ақнайман, Семізнайман, Болатшы, Тайлақ, Жайнақ, Балқабет атты рулық топтар мен аталар кіреді.

Қаракерейлердің негізгі тобы Қазан революциясына дейін Зайсан уезін, біразы Семей, Өскемен және Лепсі уездерін мекендеген.

Негізгі кәсібі мал өсіру, аздап суармалы егіншілік болған, Ертіс өзені мен Зайсан көлінің жағасындағы жатақтар балық аулау кәсібімен айналысқан.

Қаракерейден әйгілі Қаракерей Қабанбай батыр шыққан. Оның есімі Қаракерей руының ұранына айналған. Рулық таңбасы – мүйіз.


Қазақ халқы руларының ұраны мен таңбасы туралы толығырақ мына сілтеме арқылы таныс бола аласыңыздар. 

Дизайнер:Арман ҚАЛИБЕКҰЛЫ 

Ұқсас материалдар