Қандастар Ассамблея

Қазақ күресінің нақты ережелері

05.08.2015 19550
Қазақ күресі бойынша өткен ғасырдың орта шенінде чемпионаттар ұйымдастырыла бастады.

Қазақ күресі бойынша өткен ғасырдың орта шенінде чемпионаттар ұйымдастырыла бастады.

Кейін ережеге сай 14-15 жас аралығындағылар үшін күрес уақыты 3 минут болып белгіленіп, 38, 42, 46, 50, 55, 60, 66, 73 келіге дейінгі және 73 келіден жоғары салмақ дәрежесі болып бекітілді.

16-17 жас аралығындағы жастар үшін күрес уақыты 4 минут. Бұл жастағылар 46, 51, 57, 64, 72, 81 келі салмақ дәрежесіне дейін және 81 келіден жоғары салмақта күресетін болды.

18-19 жас және 19-дан жоғары жастағылар үшін 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100 келі және 100 келіден жоғары салмақ дәрежесі болып бекітіліп, олар 5 минут белдеседі.

«Түйе палуан» 

80 келіден салмағы жоғары балуандар сынға түседі. Кездесу уақыты 5 минут.

Қазақ күресі әдіс-тәсілдерге бай күрес. Кездесу барысында қолданылған әдіс-тәсілдер төмендегідей ұпай нәтижелерімен бағаланады.

Жамбас ұпай:

«Жамбас» –  балуанның бір немесе екі жамбасының кілемге тиюі әсерінен болған әдіс тәсілдері. Төреші дауыстап "Жамбас" деп айтып, оң немесе сол қолын иығының деңгейіне көтеріп саусақтарын жұмып ұстайды. Хаттамада «Ж» деп белгіленеді. Екі «Жамбас» ұпайы бір «Жартылай жеңіске» тең. Екі «Жамбас» пен «Жартылай жеңіс» айқын басымдылықпен жеңіс деп саналады. Төрт «Жамбас» ұпайы айқын басымдылықпен жеңіс деп есептеледі. Егерде балуан қарсыласын арқадан асып лақтырғанда жамбасы жерге тиген жағдайда жамбас ұпайы беріледі.

Жартылай жеңіс: 

Жартылай жеңіс ұпайы балуанның бір жауырын  немесе бір жақ қырының кілемге тиюі әсерінен болған әдіс тәсілдері. Төреші дауыстап «Жартылай жеңіс деп айтады. Оң немесе сол қолдың иығының деңгейіне көтеріп, алақанының қырымен төмен көрсетіп ұстайды. Хаттама бойынша «Ж-Ж» деп белгіленеді. Екі «Жартылай жеңіс» айқын басымдылықпен жеңіс деп саналады. Егерде балуан қарсыласын арқадан асып лақтырғанда жамбасы жерге тиген жағдайда-жамбас ұпайы беріледі.

Бүк:

Балуан әдіс қолданғанда  қарсыластың тізесі жерге тиіп кеткенде – бүк ұпайы беріледі. Егерде балуан  3 бүк ұпайын иеленсе ол бір жамбас ұпайына тең болады.

Таза жеңіс:

"Таза жеңіс" – күрес кезінде қарсыластың екі жауырынының кілемге тиюі әсерінен болған әдіс тәсілі. Мұндайда төреші оң не сол қолын жоғары көтеріп, алақанын алдыға белгілеп ұстайды.  

Ескерту:

Сылбыр күрескен балуанға ескерту беріледі. Ескерту жамбас ұпаймен тең болады.

Кездесу барысында балуандар қанша әдіс қолданып, ұпай ала алмаса, негізгі уақыт аяқталғанда қосымша 3 минут «Белдесу» уақыты беріледі. Егер қарсыластың қолы белден шығып кеткенде, тізесі жерге тигенде немесе ескерту алғанда ол жеңіліс болып саналады. Тиісті уақытта балуандар жеңісті бермесе, салмағы аз қарсылас жеңімпаз атанады.


Әзірлеген: Досжан Мейірім. 

Ұқсас материалдар