АЙТХОЖИН Мұрат Әбенұлы

28.08.2014 11610
АЙТХОЖИН Мұрат Әбенұлы (29.6.1939, Петропавл — 19.12.1987, Алматы) — биол. ғыл. докторы (1977), проф. (1980), Қазақстан ҒА-ның корр.-мүшесі (1979), акад. (1983)

АЙТХОЖИН Мұрат Әбенұлы (29.6.1939, Петропавл — 19.12.1987, Алматы) — биол. ғыл. докторы (1977), проф. (1980), Қазақстан ҒА-ның корр.-мүшесі (1979), акад. (1983), Қазақстанда молекулалық биология мен биотехнологияның негізін қалаушылардың бірі, ғалым. ҚазМУ-ді бітірген (1962). ҚР ҒА-ның Ботаника ин-нда кіші (1965), аға (1967) ғыл. қызметкер, директор (1978 — 83), Молекулалық биол. және биохимия ин-нда директор (1983 — 87), Қазақстан ҒА-ның президенті (1986 — 87) болды. А. — клеткалық макромолекулалардың (нуклеин қышқылдары мен белоктың) синтезі саласында аса құнды зерттеу жұмыстарын жүргізді. Эукариоттық клеткаларда кездесетін клеткалық бөлшектердің жаңа класын, ақпараттық рибонуклеин қышқылдарының (ақпараттық РНК-ның) рибонуклеопротеидтік түрін (РНП-ті) — информасоманы ашқан. А. бидай дқнінің эмбриогенезі, пісіп-жетілуі, тұқымынан өнуі кезінде оның клеткаларында жүретін құбылыстарды: ақпараттық РНК-ның биогенезін, түзілуін, сақталуын және оның құрылымдық ерекшеліктерін зерттеді. Өсімдік рибосомаларының физ.-хим. қасиеттерін анықтап, олардың жануар рибосомаларына ұқсас екенін байқады. Жануар мен өсімдік клеткаларының суббөлшектерінен тұратын қрекеті күшті будан рибосомалар алуға, оларды зерттеуге болатынын тқжірибе жүзінде дқлелдеді. Бұл зерттеулердің эволюциялық теорияны дамытуда үлкен маңызы болды. Биохим. тәжірибелерді автоматтандыру саласында белсенді басшылық жасады. Қазақстан ҒА-ның жанынан Молекулалық биол. және биохимия ин-тын ашқан (1983). Осы институт құрамында клеткалық және генетикалық инженерия, трансгеноз лабораторияларын, Биотехнология орталығын (1987) ұйымдастырған. А. Лениндік сыйл. лауреаты (1976). Ол халықар. Бейбітшілік қорының Алтын медалімен (1987), “Халықтар достығы” орденімен (1987) марапатталған. Алматыда А. тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылған, Молекулалық биол. және биохим. ин-ты оның есімімен аталады.

Шығ.: Белки полисомносвязанных информосом проростающих зародышей пшеницы. журн. “Молекулярная биология”, М., 1979, т. 13 В.5; Информосомы растений, А.-А., 1982; Организация нуклеотидных последовательностей ядерной ДНК зародышей пшеницы, журн. “Биохимия”, 1982, т. 47. В. 7; Молекулярные механизмы биосинтеза белка растений, Изб. тр., А.-А., 1989.

Н.Айтхожина

"Қазақстан энциклопедиясы"

Ұқсас материалдар