Қандастар Ассамблея

Айман Мұсақожаева: Ел өміріндегі маңызды құжат

17.11.2014 3339
Міне, дәл бүгінгі күніміз осын­­дай тағдырлы болып тұрға­нымен ерекше. Әйтсе де, біз үшін, халқымыз үшін ең бастысы: қор­ғанымыз бар, ол – Пре­зи­дентіміз Нұрсұлтан Назар­баев.

Біз еліміз дамуының қарқын­ды кезеңінде өмір сүріп жатыр­мыз. Сондықтан, бұл кезең жаңа мүм­кіндіктерге жол ашып, биік ар­мандар мен мақсаттарға жетелейді. Бірақ, сонымен қа­тар, әлемдік ауқымда саяси және экономикалық қиын жағ­дай­лар да қатар келе жатыр. Қам­көңіл болып жүрген жандар да баршылық. Алайда, біз осындай кездерде шұғыл, батыл шешімдер қабылдай алатын қабілеттілігімізді де таныта білуіміз қажет.

Міне, дәл бүгінгі күніміз осын­­дай тағдырлы болып тұрға­нымен ерекше. Әйтсе де, біз үшін, халқымыз үшін ең бастысы: қор­ғанымыз бар, ол – Пре­зи­дентіміз Нұрсұлтан Назар­баев. Елбасының саяси көре­генділігі мен өмірлік мол тәжірибесінің арқасында еліміз түрлі жағдайлардан үлкен қиын­дықсыз өте алады. Ол күні кешегі Жол­дауы арқылы әлемдік экономикалық жағдайдың күрт төмендеуіне байланысты елі­міз­дегі экономикалық және әлеу­меттік салаларды шұғыл қайта құрудың жолдарын ұсынды.

«Нұрлы Жол» деп атал­ған Қа­зақстанның Жаңа Эко­но­­микалық Саясаты бойын­ша ұсынылған іс-шаралар сали­қалы ойдың жемісі екені анық. Ол ұсынылған іс-әрекеттер мемлекетіміздегі құры­лымдарды дер кезінде сауық­тыруды көздейді. Президент ұсынған шаралар тек экономика, қаржы институттары, көлік және өндіріс орындарын ғана емес, сондай-ақ, еліміздегі кең ауқымды әлеуметтік салаларды, білім беру және денсаулық сақтау салаларын да қамтыған.

Қазақстанның Жаңа Эко­номикалық Саясатының мақсаты айқын әрі нақты, ол − Қазақстан халқының жағдайын жақсарту. Бұл жаңа саясат жас ұрпақтың болашағының қамын, еліміздің үлкен саясаттағы абы­ройын ой­лаудан туған. Сондықтан, біз­дің әрқайсымыз Президент Н.Назарбаевтың жаңа саяси бағытын барынша қолдап, азаматтығымызды таныта білуі­міз керек. Тек қана алға! Біз Ел­басы – Президентіміздің барлық бастамаларын қолдаймыз!


Айман МҰСАҚОЖАЕВА,

Қазақстанның халық әртісі, профессор, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры.

Ұқсас материалдар