Қандастар Ассамблея

Айлығыңызға көңіліңіз толмай ма?!...

22.08.2014 2705
Айлық көтеру барлығы үшін ауыр тақырып, бірақ ол мәселені шешу керек.

Айлық көтеру барлығы үшін ауыр тақырып, бірақ ол мәселені шешу керек. Сол себепті сондай мәселе әрдайым алдыдан шыға береді. Бірақ айлықты көтерткізудің бірнеше жолы бар.

№ 1. Сұра!

Не істеу керек: ең басты мақсат – бастығыңның басында көп айлық тапқын келетіндігі туралы ой салу керек. Саған қазіргі жалақы ұнамайтыдығы туралы белгі беру керек.

Қалай істеу керек: бастығыңмен ашық сөйлесу керек. Егер де айтуға мұрша жетпесе, хат ретінде де жазып жіберуге болады. Әңгіме барысында немесе хаттың ішінде басты хабарлама болу керек. Айлығым 30%-ға өсу үшін не істеуім керек, немесе не істей аламын деген ой болу керек. Бастыққа не істегенің маңызды емес. Нарықтағы сен секілді басқа адамдар қанша айлық алып жатқаны да маңызды емес. Ең басты қызықтыратын дүние, айлық өсіміне сен не ұсына аласың.

Құпия: Кез келген бастық, өзінің мәселесін шеше алатын адамдарды ұнатады. Барлық проблемаларды қарамағындағы адамдарға жүктеуге тырысады. Сол себепті айлық үшін бастықтың қандай проблемаларын шеше алатыныңды ойла. Бұл әрине тек жұмыс жайында ғана.

 

Тәжірибе: айлық сұрау туралы 50%-ы іске асып жатады. Егер де сен шынымен жақсы маман болсаң, бұл шынымен де жұмыс істейді. Бастықтар осындай әңгімеден қорқады. Себебі, қызметкердің жұмыстан кету қаупінен қорқады. Жаңа қызметкерді алу, оны қайта оқыту, жағдайға ыңғайластыру секілді қиын үрдістерден тұрады.

№ 2. Үйрен!

«Егер де сен ертең бүгінгі істегең нәрсені істесең, бүгін нәрсеге ғана ие боласың». Басқа нәтижелер күтсең, жаңа нәрсе істеп үйрен. Ал ол үшін үйрену керек.

Не істеу керек: барлық оқу курстарына жазылудың қажеттілігі жоқ. Алдымен саған қажетті кәсіби және жеке қасиеттерді дамыту керектігін анықтау керек. Ыңғйлылық үшін компетенция деп атап көрейік. Компания қызметкерлеріне қажетті компетенциялар жиынтығы бар. Соған байланысты жалақы арттырып отырады. Осыны түсінген жағдайда керекті басты мәселе, соларды үйреніп алу.

Не істеу керек: саған мұнда одақтастар керек. HR бөлімінің бастығымен немесе бастығыңмен сөйлесу керек, сала бойынша журналдарды тұрақты түрде оқу керек, конференцияларға жиі қатысу қажет. Өз салаң бойынша негізі 8 компетенцияны анықтап, соларды дамыту бойынша жоспар құр. Үйренудегі бірнеше мифтерден арылу керек. Бірінші, оқу қымбат. Интернет заманда көп көлемде ақша құрпай-ақ көп білім мен тәжірибе жинақтауға болады. Екінші, көп уақыт жұмсалады. Күнде дамуға қажетті 20 минут табылмайтындығы туралы өзінді алдамай-ақ қоюға болар. Басқа маңыздылығы төмен заттарды қысқартуға болады. 

Ұқсас материалдар