Қандастар Ассамблея

Қайғылы оқиға алдындағы сәттер

05.09.2014 6714
Қайғылы оқиға алдындағы сәттер туралы суреттер топтамасы

1.     Омадағы қарапайым күн

1998 жылдың 15 тамызында Солтүстік Ирландиядағы Ома қаласында  көлік жарылысы болды. Оның артында көтерілісшілердің IRA (Ирландия Республикалық әскері) ұйымы тұрды. Жарылыс салдарынан 29 адам мерт болды, 200-ден аса адам әртүрлі деңгейдегі жарақаттар алды. Бұл оқиғаның басталуына Солтүстік Ирландиядағы этно-ұлттық қақтығыстар себепші болды. Ол жанжал 30 жылдан астам уақытты қамтыды. Ең көп адам шығыны осы Ома қаласындағы жарылыстан болған. Жоғарыда суретті түсірген фотоаппарат жарылыстан зардап шеккен ғимараттың қалдықтары арасынан табылды. Сурет жарылысқа бірер секунд қалғанда түсірілген. Ешқандай қауіпті сезбеген адамдар, күліп тұрған ер адам.

2. Реджина Кей Уолтерстің соңғы минуттары

Реджина Кей Уолтерс Техастағы Пасадена қаласынан болатын. Жасы небәрі 14-те. Роберт Бен Роудс есімді қылмыскердің құрбаны болды. Қылмыскердің өлтірген 3-ші құрбаны. Оны өлтірмес бұрын, қыздың шашын алып тастап, көйлек кигізіп суретке түсіріп алады. Реджинаның өлім алдындағы соңғы суреті. Кейін Роудсты 1992 жылы полиция қызметкерлері қолға түсіреді. Өмір бойы түрмеге қамалды. Қылмыскер әлі күнге дейін Техас түрмелерінің бірінде. Фотода қыздың қылмыскер алдындағы қорқынышы бейнеленген. Осыны біле отырып суретті көру өте қиын.

3. Рейнальдо Дагса өлімі

Рейнальдо Дагса филипиндық саясаткер болған. 2011 жаңа жылды тойлау қарсаңында қарулы адаммен өлтірілген. Саясаткердің өлімі әлемге танымал болып кетті, себебі өмірінің соңғы сәттері суретке түсіп қалған. Мұнда ол өзінің жанұясын суретке түсіріп тұр. Дагсаға қару асынған қылмыскер камерағатүсіп қалған. Бұл сурет әлемнің әр қилы екендігін дәлелдей түседі. Өз отбасысы мен өзінің өлімін бәр мезетте түсіріп жатыр.

4. Бис өзеніндегі қайғылы оқиға

2014 жылдың 8 маусымында Хайдарабадтың (Үндістан) студенттер тобы Бис өзені жағасында қайтыс болды. VNR VJIET институтында инженерлік істі оқып жүрген студенттер Бис өзенінде орналасқан Ларджи гидроэлектростанциясымен танысуға келеді. Олар суретке түсіп жатқан сәтте ешқандай ескертусіз суды ұстаушы шлюздар ашылды. 24 студентті сол уақытта судың үлкен толқыны шайып алып кетті.

5. «Үмітсіз»

Суретте Ки Сук Хан өмірінің соңғы секундтары. Оны метро аялдамасында Наим Девис атты үйсіз адам поездың астына лақтырып жіберді. Куәгерлердің сөзінше, Хан мас күйінде болған. Девиспен бірнеше сөз алмасып, ұрысқандары белгілі болды. Өз өліміне тіке қарап тұрған адам бейнесін қарау өте қиын. Бұл жағдайда оның құтқарылуға ешқандай мүмкіншілігі де болмады.

6. Бад Дуайердің өзін-өзі өлтіруі

Роберт Бад Дуайер АҚШ сенатының мүшесі, саясаткер болған. Оның саясатта жүргеніне 10 жылдан асты. Аталған қызметінде өліміне дейін жұмыс істеді (22 қаңтар 1987 жыл). Сол жылы Дуайерді пара алу бойынша айыптады. Кінәсі анықталған жағдайда 55 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді. Осы жағдайға байланысты пресс-конференция берді. Сол пресс-конференцияда тікелей эфирде өз-өзіне қол жұмсады.

7. Тревис Александр өлімі

30 жастағы Тревис Александрдың өлім алдындағы суреті. 2008 жылы оның мәйіті үйіндегі ваннада табылды. 27 жерден пышақ, басына атылған оқ секілді жарақаттартар алған. Александрды өлтірген адам – бұрыңғы қызы  Джоди Ариас болып шықты.

8. Джеймс Балджердің бейне бақылау камерасы арқылы түсірілген суреті

1993 жылы Джон Венейблс пен Роберт Томпсон екі жастағы Джеймс Балджерді өлтірді. Алдымен олар баланы анасынан ұрлап әкетті. Сауда үйінде жүрген кезде, анасынан ажырап қалған. Қылмыс Англиядағы көпшілік халықтың үрейін тудырды. Мына суретті баланың өлім алдындағы бірнеше сағат бұрыңғы суреті. 

9. Марк Чепмен Джона Леннонды кезіктірді

1980 жылдың 8 желтоқсанында Марк Чепмен Джон Ленонды атып өлтірді. Қылмыскердің өлтіруге итермелеген басты себебі, Ленонның тым танымал болуында. «Егер де ол танымал болмаған, мен оны өлтірмес едім»,- деді Чепмен. Бұл сурет қылмысқа дейін шамамен 1 сағат бұрын істелінген. Ленонның өліміне себепші болған адам қасында тұр. 

10. Демалыстағы екі ағайынды

1975 жылы Майкл және Шон Маккуилкен жай ғана күліп тұрған жігіттер еді. Осы суретті Калифорнияда демалыста жүргенде түсірген. Сурет түсірілгеннен кейін екеуінің үстінен найзағай соқты. Бір қызығы, олар одан қайтыс болмады. Бұл сурет басқа адамдарға найзағайдың қандай қауіпті екендігін еске салып отырады. Жылда найзағайдан 24 000 адам қайтыс болады.

Дереккөзі

Ұқсас материалдар