Қандастар Ассамблея

«Атырау» – «Ақтөбе»: 0 – 2

26.07.2015 2465
Бүгін «Атырау» футбол клубы өз алаңында «Ақтөбемен» кездесті.

Бүгін «Атырау» футбол клубы өз алаңында «Ақтөбемен» кездесті. Премьер-Лиганың 22-айналымындағы жарыста алаң иесі 0-2 есебімен ұтылып қалды.

Ойынның тоғызыншы минутында ақтөбелік Сергей Хижиненко алғашқы гол соқты. Бірінші тайм 0-1 есебімен аяқталды.

Ойынның 46-минутында Маркос Пизелли соққан доп Атырау қақпасына дәл тиді. Атыраулық ойыншылар есепті теңестіруге қанша талпынғанымен, ойын 0-2 есебімен, Ақтөбенің жеңісімен аяқталды. «Ақтөбе» футбол клубы жанкүйерлерінің қуанышында шек болған жоқ. Олардың айтуынша, «Ақтөбе» енді-енді командалық ойын көрсете бастапты.

Sports.kz спорттық порталының мәліметінше, осыған дейін Қазақстан біріншілігінде «Атырау» мен «Ақтөбе» өзара 33 кездесу өткізген болатын. Оның ішінде 6 кездесуде «Атырау» клубы жеңсе, 21 жеңіс «Ақтөбе» клубының қанжығасында, ал 6 кездесу тең ұпаймен аяқталған. Кезедсудің бейне нұсқасы мына сілтемеде.

Ұқсас материалдар