Қандастар Ассамблея

Астананың 5 дәріханасында құрамында кодеині бар зат сатылған

26.05.2015 1568
2015 жылдың 18-22 мамыр аралығында Астана қаласының аумағында жүргізілген «Допинг» жедел алдын алу іс-шараларының 2 кезеңі аяқталды.


2015 жылдың 18-22 мамыр аралығында Астана қаласының аумағында жүргізілген «Допинг» жедел алдын алу іс-шараларының 2 кезеңі аяқталды. Бұл жөнінде  Астана қаласы ІІБ есірткі бизнесімен күрес бөлімінің полиция полковнигі Қайрат Қадыров бүгін 25 мамыр күні «Би-ньюс» баспасөз орталығында өткен баспасөз-мәслихатында мәлімдеді.

Контрабандалық жолмен зат әкелу фактілерін анықтауға бағытталған «Допинг» шарасы 4 күн ішінде едәуір нәтиже берді. Шараның негізгі мақсаты бақылаудағы заттарды заңсыз айналымға жылыстату фактілерін анықтау және жолын кесу.

Қайрат Қадыров, Астана қаласы ІІБ есірткі бизнесімен күрес бөлімінің полиция полковнигі:

Астана аумағында 18 және 22 мамыр аралығында өткізген операциялық шарада есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты 20 қылмыс анықталды. Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті Астана қаласының 5 дәріханасында құрамында кодеині бар заттарды сату бойынша заң бұзушылықтарды анықтады. Бұл жерлерден тропикамит, пинталгин, салподаин дәрілері тәркіленіп алынды. Сондай-ақ, 4 көлік жургізуші есірткі қолданып, көлік жүргізгені үшін ұсталды. Ал, жыл басынан бастап есептегенде, есірткі бизнесі саласында 90 жуық қылмыс анықталып, 85 келіден астам есірткі заты тәркіленді.

Ұқсас материалдар