Қандастар Ассамблея

Астаналықтар көше көрмесін тамашалады

19.08.2016 3127
Street art Астанада...

18 тамыз күні Астанада заманауи өнер және көше тамақтарына арналған ibis Street art/Street food жобасының ашылуы өтті. Сонымен бірге жоба аясында «Сны о городе» атты жылжымалы көрмесі ұсынылды.

Авторы мәскеулік zukclub стрит-арт командасының жетекшісі Сергей Овсейкин. Ол ұсынылған картиналарын глитч-арт техникасымен салғанын айтады.

«Біздің қиялымыз баллон краскалар арқылы өмір сүретін шығар. Бірақ жұмыс құралы ретінде ғана емес, ойымыз бен идеяларымызды,  тіпті түсімізді осылайша бейнелегіміз келді» дейді суретші. – Кез-келген шығармашылық қандай да бір әсерлі сезім сыйлайтын терең де сыйымды метфора. Түс – ұйқыдағы жай сәт емес, шын мәнісіндегі орындалмайтын дүниелерді іске асыруға болатын шексіз мүмкіндік. Осы тұрғыда кенеп матада түстің бейнеленуі мені қызықтырды».

Бұдан бөлек жоба аясында келушілерге ibis қонақ үйінің шеф-повары Болат Смағұлов әр түрлі елдің стрит-фуд мәдениетімен таныстырып қана қоймай, дәмді, әрі үнемді тамақтардың түр-түрінен дәм татқызды. Иісі мұрынды жаратын Данияның хот-догтары, бельгиялық қуырылған картоп, италиялық леп есетін ерекше тәтті балмұздақтар тегін үлестірілді.

Әлем бойынша өзіндік ағысы бар «көше биі» де осы кеште атаусыз қалмады. Эмоциялардың жарқын үлгісін өн бойына жиған осы бір таңғажайып микс жас балалар арасында ерекше сәнді екенін байқалады.

Дамир Нартайұлы көше биіне қатысушылардың ішіндегі ең кішкентайы, жасы алтыда. Биыл мектепке барады. Бұл бимен айналысып жүргеніне үш жыл болған.

Астаналық жергілікті суретшілер арасында Street Art Battle конкурсы өтті. Олардың арасында воркшоп, стрит-арт бойынша түрлі деңгейде шеберлік сыныптарын өткізіп жүрген Евгений SWED пен Александр Alive, көбіне табиғат көрінісі мен комикс стилінде салатын Esher мен Ablos1, әлеуметтік тақырыптарға назар аударып жүрген Nemo мен Adri, HЯОМ HROM сияқты тәжірибелі суретшілер бар.

Көпшіліктің дауыс беруімен астаналықтар арасында Ablos1 жартылай финал жеңімпазы атанды. Енді қыркүйек айында аймақтық баттлда өнер көрсетеді. Көрме 23 тамызға дейін жалғасады.


Ая ӨМІРТАЙ

Ұқсас материалдар