Қандастар Ассамблея

Астанада күзгі киімдер сән әлеміне жол тартты!

17.10.2014 12047
Көптен күткен күзгі киімдер көрмесі ашылды. Мұнда дизайнерлік киім үлгілерін, қысқы тондар мен күртешелерді, күзгі пәлтелерді және т.б. киім-кешектерді дүкендегімен салыстырғанда әлдеқайда төмен бағаға сатып алуға болады.

Көптен күткен күзгі киімдер көрмесі ашылды. Мұнда дизайнерлік киім үлгілерін, қысқы тондар мен күртешелерді, күзгі пәлтелерді және т.б. киім-кешектерді дүкендегімен салыстырғанда әлдеқайда төмен бағаға сатып алуға болады.

Сергей: «Біз Белоруссияның Пинск қаласынан келіп отырмыз. Сол жақта фабрикамыз бар. Фирмамыздың аты «Белэкспози». Сәнді әйелдер киімін тігеміз. Көйлектер жүз пайыз полиэстрден бастап, таза мақта матадан тігіледі. Бағалары 28-42 доллардың аралығында».

Алия Қайырбекова: «Мен теміржол саласының қызметкерімін. Қазір бала күтіміне байланысты демалыстамын. Бос уақытымда табиғи тастардан осындай әшекейлерді жасайтынмын. Содан достарым көріп, менен сатып ала бастады. Бұл соншалықты қиын емес, бастысы түстер үйлесімдігін сақтай отырып, ерекше әрі сәнді етіп жасау. Мына алқа, қара ақықтан жасалған, ал мынау цилиндр пішінді ақық тастан, сондай-ақ маржан (коралл), ай тас (лунның камень), лазурит және көк тастан құралған алқа. Бағасы 20-30 мың аралығы».

Денис: «Біздің спорттық киімдеріміз серуендеуге шыққанда киюге, былайша айтқанда, белсенді емес демалысқа арналған. Кеңсе киімдері де бар. Әйелдерге арналған. Шифон, тоқыма және трикотаж көйлектердің бағасы 10-12 мың теңге».

Светлана Туреханова: «Біз «Ару Арт дизайн и печать» жас шығармашылық компаниясының өкілдеріміз. Бұл компания «Ару Арт» заманауи өнер галересяның негізінде құрылған. Барлық жұмыстарымыз қолдан жасалған, трафаретті баспа деп аталады. Италян және америкалық бояуларды қолданамыз. Негізгі мақсатымыз Отанымызға, Қазақстанымызға деген сүйіспеншілігімізді білдіргіміз келеді».

Гульмира Абишева: «Zeken-moda студиясы 90-жылдардан бері жұмыс істейді. Дизайнер Абишев Қайролла Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі. Бұл жердегі ұлттық нақыштағы киімдер сол кісінің дизайнымен тігілген. Мына костюм қолдан тігілген, барқыт матадан. Ал мынау оюлармен көмкерілген пәлте кашемир матадан тігілген».

 

Шараның негізгі мақсаты киім тігетін ірілі-ұсақты фирмалардың осы жерден серіктес тауып, әрі қарай бірлесе жұмыс істеуіне мүмкіндік жасау. 

Бұл тоқыманың бағасы 118 мың теңге, оған көбіне шетелдіктер қызығушылық танытып жатыр.

"Гакку" қолдан жасалатын әшекейлер орталығының бұйымдары. 

Барлық суреттерді көру үшін мына сілтемемен жүріңіз.

Ұқсас материалдар