Астанада ақылы тұрақтардың пилоттық жобасы іске қосылды

05.04.2016 2020
Ақылы тұрақ

Бүгін елордадағы теміржол бекеті алаңында «Астана қаласында тұрақ кеңістігін басқару» жобасы тестілік режимде жұмыс істей бастады.

Вокзал аумағында көлік қозғалысын ұйымдастыруды өзгертудің мақсаты кез келген көлік түрлерінен жолаушыларды отырғызуға және түсіруге қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ, вокзал маңында көлік жүйесін және көлік ағынын тәртіпке келтіру болып табылады. Мамандардың алдын ала бағалауы бойынша, жоба жолаушыларды заңсыз тасымалдау қызметін 70-80% азайтуға, көлік құралдарының айналымын 30-40% ұлғайтуға, вокзал маңы аумағында жол желісіне түсетін салмақты 20-30% азайтуға, сондай-ақ, тұрақ орындарының жүктемесін 40-50% төмендетуге ықпал етеді.

Айта кетейік, бүгінгі таңда аталған аумақта көлік құралдарының қозғалысы мен уақытын есепке алатын автоматтандырылған жүйе (бейнетіркеу жүйесімен), сондай-ақ, номер белгілерін автоматты түрде тану жүйесі орнатылып, іске қосылды. Қазіргі кезде көлікті тұрақта 2 күннен артық уақытқа қалдыруға болмайды.

Тестілік режимде қондырғының жұмысын тексеру және оның кемшіліктерін анықтау жүзеге асырылады. Осы кезеңде вокзал маңы аумағына кірген көліктерден төлем алынбайды. Вокзал маңындағы тұрақтың көлік сыйымдылығы -  251 бірлікті құрайды.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қазіргі кезде осы учаскеде күн сайынғы жолаушылар айналымы 7500 адамды құрайды. Тәулігіне пойыздың 30 құрамы келеді. Сонымен қатар, қала маңына 18 маршрут қатынайды.


Тұмар Асыл

Ұқсас материалдар