Қандастар Ассамблея

Астанада Қазақстан Халқы Ассамблеясы жылына арналған республикалық пікірсайыс турнирі өтті

27.08.2015 3291
Тамыздың 25-26 аралығында Астана қаласы, Назарбаев Зяткерлік мектебі ғимаратында Қазақстан халқы Ассамблеясының жылына арналған республикалық пікірсайыс турнирі өтті.

Тамыздың 25-26 аралығында Астана қаласы, Назарбаев Зяткерлік мектебі ғимаратында Қазақстан халқы Ассамблеясының жылына арналған «Қазақстан Халқы Ассамблеясы – ел бірлігі мен достығының іргетасы» атты республикалық пікірсайыс турнирі өтті. Турнирды ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Қазақстан жастар конгресі өткізді. 

Раунд барысында жас ораторлар Жалпыхалықтық «Мәңгілік ел» идеясының негізінде ел жастарының рухани және мәдени дамуының жаңа механизмдерін ұсынды. Сондай-ақ этникалық БАҚ өкілдерінің ұлтаралық қарым-қатынастардың дамуына әсеріне баға беріп, Қазақстандағы берік орта классты қалыптастыру жолдары жайлы ой қозғады. «Осындай пікірсайыс турнирлерін өткізу жастар мен мемлекет арасындағы байланысты қалыптастыруда жоғары орын алады. Пікірсайыс технологиясы арқасында белсенді студент және мектеп жасындағы азаматтар қоғамдық-саяси және әлеуметтік маңызды мәселелердің шешу жолдарын табуда ат салыса алады» - деп атап өтті турнирдің бас төрешісі Серік Ықыласов.

Еліміздің әр аймағынан келген 6 команда қазақ және орыс лигаларында жеңімпаз атанады. І орын иегерлері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Кубогімен марапатталады. Сонымен қатар «Үздік спикер» және «Үздік төреші» номинацияларының да жеңімпаздары анықталады. Барлық жүлдегерлер бағалы сыйлықтар мен ҚР Білім және ғылым Министрлігінің атынан дипломдармен марапатталынады. Қазақстан жастар Конгресінің атқарушы директоры Айдын Сабитов бұл іс-шараның мақсаты – Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын жастар арасында кең насихаттау мен оларды мемлекетіміздің стратегиялық маңызды бағдарламаларды іске асыруға ат салысу екенін атап өтті. Бұдан бөлек, пікірсайыс – қоғамдық-саяси маңызды мәселелерді шешуде қолданысқа ие бола алар жастар ұсыныстарын қалыптастыратын әмбебап механизм.

Турнир қатысушылары Астанаға жолдаманы өз аймақтарындағы қызу тартыс арқасында жеңіп алғанын айта кеткен жөн. Ал Астана қаласында оларды сайыстан басқа екі күндік «Бапкерлер мектебі» күтеді. Мектеп барысында пікірсайыс ойынының технологиясынан мастер-класстар мен парламенттік форматтағы төрешілік ету жайында тренингтер өткізіледі.

Өз кезегінде, Қазақстан Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік жастар саясаты бағытында министрліктің мол еңбек атқарып жатқанын атап өтті. Оның бір бағыттарының бірі пікірсайыс қозғалысының дамыу. Пікірсайыспен айналысу барысында студенттердің игерген қабілеттері мемлекеттік қызмет пен жекелей секторда жемісті еңбек етуге септігін тигізеді. Тәжірибе көрсеткендей, студенттік шағында пікірсайыспен айналысқан ЖОО түлектері диплом иегері атанғаннан соң еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие болады. Осыны ескере отырып жастар арасында технологияны дамыту мақсатында үлкен жұмыс жасалуда.

Турнир қорытындысы

Қазақ лигасы:

Үздік спикер – Бекарыстан Аманжолов (Астана)

3 орын Ұлтанбаев Арнат, Құтжан Бақытжан (Тараз)

2 орын Тұрарбекұлы Уалихан, Кеңшілік Сабыржан (Қызылорда)

1 орын Бекарыстан Аманжолов, Тұрсынов Бақытжан (Астана)

 

Орыс лигасы:

Үздік спикер – Осадчая Анастасия (Қостанай облысы)

3 орын Лемонджава Анжелика, Омарова Карина (Астана)

2 орын Евгений Бедыч, Осадчая Анастасия (Қостанай облысы)

1 орын Диас Бекболатов, Азат Капенов (Астана)

 

Үздік жаттықтырушылар:

Әділхан Сапаргалиев

Мирхия Мамазов

Әлімсурина Назгуль

Казман Ратбек

Ықылас Жеткер

Ұқсас материалдар