Қандастар Ассамблея

Астанада Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті

11.09.2015 2485
Бүгін Астанада Тәуелсіздік сарайында Елбасының қатысуымен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті.

AkordaPress

Бүгін Астанада Тәуелсіздік сарайында Елбасының қатысуымен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Шараға Қазақстан Республикасының Парламенті Сенат және Мәжілісінің депутаттары, Халықаралық қауымдастық өкілдері, шығармашыл интеллигенция, спорттық қауымдастық өкілдері, мәдениет және өнер қайраткерлері, мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен басшылары, отандық және шетелдік БАҚ өкілдері қатысты.

Салтанатты жиынға шетелдік қонақтардан Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев, Қырғызстан Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев, Түркия Республикасы Парламентінің Төрағасы Исмет Йылмаз, Түркіменстанның Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары Сапардурды Тойлыев қатысты.

Елбасы Н.Назарбаевтың құттықтау сөзінен:

  • Қасқа жолды Қасым хан хандықтың іргесін бекітіп, керегесін керді

  • Хақназар хан шекарасын Еділдің бойына дейін кеңейтсе, Тәуекел хан Түркістан өлкесін түгелдей Қазақ хандығына қаратты

  • Еңсегей бойлы ер Есім елдің іргесін бекіту жолындағы күресте қолбасшылығымен танымал болды

  • Салқам Жәңгір хан Орбұлақ түбіндегі шайқаста жоңғарларға ойсырата соққы берсе, Әз Тәуке «Жеті Жарғыны» енгізді

  • Қазақ хандығы кезеңі – ат жалында күн кешкен алаш жұртының қаһармандық дәуірі

  • Бізге бабалар тұлпарларының тұяғымен жазылған ата тарихының әр парағы ерекше қымбат

  • Әр буын өкілі бабалар даңқына даңқ қосып, дүние жүзі алдында беделін биіктете білген елдің болашағы жарқын, мерейі үстем

  • Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі буыны бабалар аманатына адалдық танытып, ел абыройын биікке көтерді деп айта аламын

  • Ержүрек қазақ халқының алға қойған ізгі мұраты бар. Ол – Ұлы Дала төсінде өзі құрған мемлекетті Мәңгілік Ел жасау

  • Отанымызда қандай қиындықты да қайыспай қарсы алуға лайық өршіл рухты, азат ойлы, жасампаз халық бар

  • Киелі атамекеніміз – қазақтың Ұлы Даласында бабалар аманатын орындау жолында біз құрған қасиетті Отанымыз бар

  • Біздің Қазақстанымыз – ұлы істердің ұйытқысы болған Ұлы Дала Елі 


    Қаламқас Нұрмақова

Ұқсас материалдар