Қандастар Ассамблея

Astana Piano Passion конкурсы бастау алды

24.04.2015 2034
Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына орай «Астана Операда» әлем жұлдыздарымен кездесу өтті.

Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына орай «Астана Операда» әлем жұлдыздарымен кездесу өтті.

Заманымыздың аса көрнекті дирижері Валерий Гергиев, әйгілі пианиношы Денис Мацуев және Мариинскийтеатрының аты аңызға айналған симфониялық оркестрі 24 сәуірде «Астана Опера» сахнасында өнер көрсетеді.

Сонымен қатар, концерт аясында Классикалық музыканың және Денис Мацуевтің қатысуымен жас пианиношылардың ІІІ «Astana Piano Passion» халықаралық фестивалінің сатанатты ашылу рәсімі болады. Тыңдарман назарына бұған дейінгі конкурстың лауреаттары – І сыйлық иегері (үлкендер тобы, 2014) – Александр-Кадмиэль Боцактың (Румыния), сондай-ақ І сыйлық иегері (кішілер тобы, 2014) – Сандарәли Көппаевтың (Қазақстан) өнері ұсынылады. Жас пианиношылардың «Astana Piano Passion» халықаралық конкурсы соңғы үш жыл бойы өткізіліп келе жатқанын айта кетейік. Осы уақыт ішінде ұйымдастыру комитетіне алыс және жақын 45 шет елден 400 жуық өтінім түскен. Жыл өткен сайын аталған конкурсқа қатысқысы келетіндер саны көбейіп келеді.

Төлеубек Әлпиев, «Астана Опера» театрының директоры:

-          Әйгілі қонақтардың келуі – тек «Астана Опера» театры үшін ғана емес, сонымен қатар елордалық тұрғындар мен қонақтар үшін де үлкен мереке. Мұндай гала концерттер орасан зор мәдени-тәрбиелік міндетті атқарады. Мариинский театрының Симфониялық оркестрінің музыканттарына және маэстро Валерий Абасаұлы Гергиевке қажымас қайрат және мықты денсаулық тілейміз,-деді.

Денис Мацуев, пианиношы, конкурс ұйымдастырушыларының бірі:

-          Үшінші жыл қатарынан елордада өткізілгелі отырған конкурс үлкен үміт күттіреді. Мен алған соңғы ақпаратқа сүйенсек, конкурс өткізілу басталғалы Қазақстанд а өнерге деген қызығушывлық арта түскен. Жас бүлдіршіндер түрлі үйірмелерге жазылып, жаңа өнерлерді меңгеруде. Бұл жәйт қуантпай қоймайды. Жалпы, болашақ жұлдыздың жануына баланың бойындағы бір талант жетіспейді. Оған ата-анасының үнемі қолдауы, жақсы ұстаздар және сапалы білімнің дұрыс  тоғысуы болашақта толыққанды музыкант болуға көмектеседі.

 

Валерий Гергиев,  дирижер, Санкт-Петербургтағы  Мариинский театрының басқарушысы:

-          Қазақстанға келгенде өзімді үйге келгендей болып сезінемін. Өткелі отырған шарадан үлкен үміт күтемін. Әлемнің дарынды жастарының өнерін тамашалап, арасынан болашақ жұлдыздардың көтерілуіне куә болу бір керемет. «Астана Опера» театрымен біздің театр өте жақсы қарым-қатынаста . Және осы екі театр әлемдегі ең жаңа және жақсы жабдықталған театрлар. Тіпті қазір отырғанның өзінде театрдың атмосферасы беретін әсерді сөзбен жеткізу мүмкін емес.

 

Айта кетейік, «Astana Piano Passion» халықаралық конкурсы сәуірдің 24-30 аралығында өтеді. Әлемнің түкпір-түкпір елдерінен жас пианиношылар бақ сынауға Астанада жиналады. Ұйымдастыру комитетінің мәлімдемесі бойынша"Astana Piano Passion" жас пианистер конкурсына қатысуға  121 сұраныс түскен. Конкурстың географиясы биылғы жылы кеңейе түсті. Монголия, Македония, Норвегия және Финляндияның музыканттары конкурсқа қатысуға алғаш рет шешім қабылдап отыр. Ортақ бәйгелі қор – 60 000 АҚШ доллары. Жеңімпаздар Мәскеу филармониясында келесі «Astana Piano Passion» фестивалінде концерт береді.

Ұқсас материалдар