Қандастар Ассамблея

Астана күніне орай шаһарда 70 астам шара өтеді

17.06.2015 7261
Биыл елорда күні қалай тойланады? Шаһар тұрғындары мен қонақтарды қандай мерекелік шаралар таң қалдырады? Биылғы мерекенің ерекшелігі не?

Биыл 6-шілдеде Астана қаласының 17 жылдығы тойланады. Астана қаласы Мәдениет басқармасының хабарлауынша, биыл елорда күнін мерекелеуге арналған бағдарлама сан алуан болады. 

Ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарын көптеген тамаша мәдени-сауықтық бағдарламаларымен қуантпақ. Осы жылы мерекеге орай қалада республикалық және халықаралық деңгейдегі 70 астам шара өтеді. Оларға 500 мыңнан астам адам қатысады деп күтілуде.

Астана қаласы Мәдениет басқармасының бастығы Болат Мажағұловтың  хабарлауынша, елорданың 17 жылдығын мерекелеу Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы секілді айтулы даталар негізінде өрбімек. Ал Елорда күнінің басты тақырыбы - «Ел жүрегі – Астана!».

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бағытының негізі - «Мәңгілік ел» Ұлттық идеясын жүзеге асыруға ұмтылған және тәуелсіз елдің қалыптасқан астанасы туралы идеяны басшылыққа алған мемлекет - мерекенің лейтмотиві болмақ.

Елорда күніне арналған шаралар мен фестивельдар дәстүр бойынша алдын-ала басталады. Олардың қатарында ел өңірлерінен жас таланттарды анықтауға және қолдауға бағытталған «Аялаған, Астана!» жалпы республикалық телевизиялық балалар конкурсы, «Сахнадан сәлем!» халықаралық театр фестивалі және өзге де мәдени шаралар бар. Елорда күнін ресми мерекелеу 4 шілдеде Мемлекеттік туды салтанатты жағдайда көтеру рәсімінен басталмақ.

Биыл астаналық жұртшылық тұңғыш рет Есіл жағалауында «Нұрлы Есіл» атты мультимедиялық-пиротехникалық шоу тамашайлайды.

«Есіл өзенінің акваториясында замануи лазерлі және пиротехникалық технологиялардың қолданылуымен өтетін бірегей мерекелік шоуды елорда тұрғындары 5 шілде күні тамашалай алды. Су бетіндегі сахналық көрініс  шоудың басты элементі. Оркестрдің репертуары қазақ ұлттық музыкасы мен классикалық өнер туындыларына негізделеді», – деді Мәдениет басқармасының бастығы Болат Мажағұлов.

«Astana Art fest» фестивалі ұйымдастырылады. Суретшілер мен әртістер,  музыканттар бас қосады. Сондай-ақ мерекелік шаралар қатырында бірнеше  дәстүрге айналған фестивальдер. Атап айтқанда, «Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» көшпелі өркениет фестивалі, «Астана Арқау» түркілік музыка, «Азия жаңғырығы» цирк өнері, «Өзен әуені» классикалық музыка өнері, «Magic Astana» сиқыршылар өнері. Өзге де концерттік және фестивальдік бағдарламалар ауқымдылығымен және ғажайып көріністерімен көрермендерді қуантады. Қаланың ең үздік концерттік алаңдарында түрлі жанрдағы бағдарламаларымен отандық және шетелдік әртістер өнер көрсетеді. Көрермендерді джаз музыкасының «Summer Jazz Astana» фестивалі және «Il DIVO» классикалық квартеттің концерті, сондай-ақ классикалық орындаушылардың, әлемдік деңгейдегі ұжымдардың, Нұрлан Абдуллиннің шығырмашылық кеші күтіп тұр. «Көңілді Астана» сатира кеші және «Елорда кубогы» сарапқа салынатын Халықаралық әзіл фестивалі мерекелік көңіл-күйді көтере түседі. Онда Қазақстан, Ресей және Қырғызстанның ең үздік көңілді, тапқырлар клубының командалары әзіл айтып, жарысады. Бұдан өзге сауда жасауға әуестер үшін елорданың барлық сауда орталықтарында «17% жеңілдік» акциясы өткізіледі.

Елорда күні салауатты өмір салты мен спорт сүйер қауымға да қызықты болмақ. Олар үшін алғашқы халықаралық жекпе-жек түрлерінің фестивалі, үстел теннисінің марафоны, «Асық ату» ашық қалалық біріншілігі, жаппай велошеру, ММА ережесіз жекпе-жек турнирі өтеді. 4 шілде күні «Сарыарқа» велотрек спорт кешенінде «Қазақстан барысы» республикалық турнирі ұйымдастырылады. Ал, гольф бойынша «Елорда кубогы» турнирі өтеді.

Астана тұрғындары мен қонақтарын мерекелік шараларға мейлінше көбірек жұмылдыру мақсатында шараларды саябақтарда, гүлзарлар мен алаңдарда өткізу жоспарланып отыр. «Astana park land» қала саябақтары фестивалі, «Аспаздар шеберлігі – сүйікті қалаға», «Астана аспаны» атты әуе шарлары мен батпырауықтар фестивалі, «Астана самалы» үрлемелі аспаптар, «International street dance session in Astana» көше билері, «Шаттық» балалар шығармашылығы», «Pop up shop Astana–2015», «Айналайын Астанам, асқақ әнім», «Сәлем, Астана», «Қайырлы кеш, Астана!» кешкі концерттік бағдарламалар және т.б. мәдени шаралар өткізіледі.

 

Елорда күніне арналған шаралар дәстүр бойынша салтанатты отшашуымен аяқталады. Оны қаланың бірнеше бөлігінен, атап айтқанда Есіл өзенінің жағасынан, «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығы алаңынан және Абылай хан даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысындағы саябақтан көруге болады.

 


Әзірлеген: Бақытгүл АБАЙҚЫЗЫ

Ұқсас материалдар