Қандастар Ассамблея

«Астана – Галатасарай» матчының билеттері 2 мың мен 10 мың теңге арасында болмақ

08.09.2015 2437
Үстіміздегі жылдың 30 қыркүйегі күні «Астана Арена» стадионында өтетін «Астана» футбол клубы мен түркиялық «Галатасарай» арасындағы кездесудің билеттері 2 мың мен 10 мың теңге арасында болмақ.

Үстіміздегі жылдың 30 қыркүйегі күні «Астана Арена» стадионында  өтетін «Астана» футбол клубы мен түркиялық «Галатасарай» арасындағы кездесудің билеттері 2 мың мен 10 мың теңге арасында болмақ. Бұл туралы елордалық команданың УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне арналған баспасөз конференциясында мәлім болды.

Клубтың баспасөз хатшысы Марат Жұмабаевтың айтуынша билеттерді үйлестіру бойынша қосымша ақпарат «Астана» клубының  fca.kz ресми сайтында, сондай-ақ Facebook және ВКонтакте әлеуметтік желілерінде жарияланбақ.

Осыған дейін Чемпиондар лигасы топтық кезеңдерінің ойындары аясында билеттерді сату орындары көбейтілетіні хабарланған.

Билет сатымына байланысты "Астана" футбол клубының баспасөз хатшысы Марат Жұмабаев:

«Бiз қазiр жанкүйерлерге барынша ыңғайлы болатын жолдарды қарастырып жатырмыз. Мүмкiн, электронды сатылымды iске қосармыз. Сонымен қатар, билеттердi сату пунктерiн көбейтемiз. Қосымша ақпарат жақын күндерi жария болады», - деп жауап берді. 

Атап өтерлік жайт, «Астана» – әлемнің ең мәртебелі футбол турнирінің топтық кезеңіне жолдама алған тұңғыш қазақстандық клуб.

Чемпиондар лигасының «С» тобында Қазақстан чемпионына қарсылас атанғандар: «Бенфика» (Лиссабон, Португалия), «Атлетико» (Мадрид, Испания) және «Галатасарай» (Стамбул, Түркия).

Елордалық клуб өзінің алғашқы ойынын 15 қыркүйек күні португиялық «Бенфикамен» өткізеді. Ал 30 қыркүйек күні «Астана» өз алаңында «Галатасарайды» қабылдайды. 

УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өткен команда басшылығы мен бапкерлерінің алғашқы баспасөз мәжілісінде жеребе бойынша қай командамен ойнағысы келгенін де айтты. Мәселен "Астананың" бас бапкері Станимир Стойлов пен команда капитаны Таңат Нөсербаев туриндік "Ювентуспен" ойнағысы келгенін жасырмады.


Дәурен Омаров

Ұқсас материалдар