Қандастар Ассамблея

Астана – белсенді қалалардың көш басында

03.08.2015 8745
Астана қалалардың халықаралық белсенділігі рейтингісінде көш бастады

Татарстанның астанасы Қазан қаласында Ресейдің 100 астам қаласының басшыларымен жақын шет елдердердегі қала басшылары қатысқан Еуразияның жергілікті билігі конгрессі өтті. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің сайты хабарлады.

Шілденің 31 күні конгресс аясында Еуразия қалаларының халықаралық белсенділігі рейтингісі жүргізілді. Соның нәтижесінде «Біріккен қалалар мен жергілікті биліктер» ұйымы Бас Ассамблеясының Бүкіл әлемдік аймақтық бөлімшесінде рейтинг қорытындысы жарияланды. Ұйымдастырушылар ірі, орта және шағын қалалардың ішінде ең үздіктерін анықтады.

Жалпы рейтингтің жеңімпазы болып Астана қаласы танылды. Ірі қалалар ішінде Хабаровск, Екатеринбург және Кіші Новгород та бар. Үздік үштікке, сонымен бірге, Якутск, Ставрополь мен  Тирасполь қалалары кіреді.

 

Көшбасшы қалалардың отырысы еуразиялық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Шараның басты мақсаты жергілік биліктің жаһандық шешімдер қабылдауға белсене қатысуы мен олардың ауқаттылығын арттыруға негізделген.


 Әзірлеген Айша КЕРЕЙ

Ұқсас материалдар