Астана: Онкологиялық орталықта ашық есік күні өтеді

17.10.2016 1896
Бүкіләлемдік сүт безінің қатерлі ісігі жөнінде ақпараттандыру күні Елордада онколог, маммолог мамандардың қатысуымен әйелдердің денсаулығын қорғау бойынша ашық есік күні өтеді.

Ертең бүкіләлемдік сүт безінің қатерлі ісігіне қарсы күрес күні. Осыған орай елорданың Онкологиялық орталығында сағат 11.00-де онколог, маммолог мамандардың қатысуымен әйелдердің денсаулығын қорғау бойынша ашық есік күні өтеді. Бұл туралы қала әкімдігінің сайты хабарлады.

Сондай-ақ, алдын алу бөлімінің және салауатты өмір салтын ұйымдастырушы дәрігерлер үшін: «Сүт безінің қатерлі ісігі. Ерте анықтау» тақырыбында қалалық семинар өткізіледі. 

Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының хабарлауынша, Астана қаласында аталған сыртқатпен ауыру көрсеткішінің 165,8-ден (2014ж) 198,4-ге дейін (2015ж) артқаны және өлім-жітім көрсеткішінің 100 мың халыққа шаққанда 82,8-ден 86,6-ға дейін өскені байқалып отыр.

2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» ҚР денсаулық сақтау мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде онкологиялық ауруларды басқарудың интеграцияланған моделін енгізу бағытында белсенді негізде жұмыс жүргізілуде.

Ұқсас материалдар