«Астана» футбол командасына қолдау көрсетейік!

03.08.2016 2177
Футбол

Бүгін Шотландияның Глазго қаласында «Селтик» пен «Астана» арасындағы қарымта ойын өтеді. Осыған орай, el.kz сайты 25.el.kz cервисіне жаңа қызмет қосты. Енді «Астана» футбол командасының жанкүйерлері өз аватарларын безендіре алады.

Сервисте қолданушылардың назарына 5 түрлі логотип ұсынылып отыр. Кез келген адам солардың арасынан өзіне ұнағанын таңдап, сүйікті құрамасына қолдау көрсете алады.

 

Бүгінгі ойын өтетін атақты «Селтик Парк» стадионына 60 мың көрермен сыяды. «Астана» жанкүйерлерінің Шотландияға жолы түспесе де, олар аталған акция арқылы өздерінің саны стадиондағы жанкүйерлерден де көп екенін дәлелдей алады.

Бүгінгі ойын қорытындысы бойынша, егер «Астана» клубы жеңіске жетсе, біздің спортшылар УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шығып, топтық кезеңге өту мүмкіндігіне таласады. 


 

Ұқсас материалдар