Қашаған Күржіманұлының 170 жылдық мерейтойына қатысушыларды ҚҰТТЫҚТАУ

03.03.2014 3430
Барша қазақ халқына танымал дүлдүл ақын Қашаған Күржіманұлының 170 жылдық мерейтойы құтты болсын!

 Қазақстан Республикасының Президенті

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВТЫҢ

Қашаған Күржіманұлының 170 жылдық

мерейтойына қатысушыларды

ҚҰТТЫҚТАУЫ

            Барша қазақ халқына танымал дүлдүл ақын Қашаған Күржіманұлының 170 жылдық мерейтойы құтты болсын!

            Қашаған Күржіманұлы – ғибратты ғұмыр кешіп, өткір тіл, парасат және қара домбыра қару болған рух майданында жоғары адамгершілік құндылықтарды ту етіп көтеріп, халқымыздың орынды мақтанышына айналған ерекше тұлға.

            Күллі мәдени мұраларымызды, оның ішінде рухани құндылықтарымызды жинақтау, зерттеу мен зерделеу – уақыт талабы. Ұлылардың мұрасы да, мұраты да, атақ-даңқы да, мерейтойы да – кейінгіге үлгі. Ал үлгіге қарап ұрпақ өседі десек, Қашаған ақынның мерейтойын Тәуелсіз еліміздің болашағы үшін баршамызға ізгілікті іс тындыруды міндеттейтін, ұрпаққа ұлағатты үлгі алуды аманаттайтын мерейтой деп білгеніміз жөн.

            Ұлттың рухани келбетін, халықтың мінезін айшықтайтын киелі сөз иесі Қашаған Күржіманұлының шығармашылық мұралары әрдайым қазақ халқының рухани қажетіне жарай берсін!

 

Астана, Ақорда.

25 тамыз, 2011 жыл

Ұқсас материалдар