Қарсы қозғалыс жолағына шығу азайды

13.10.2016 2089
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске енгізілген өзгерістер мен толықтырулар арқылы қарсы қозғалыс жолағына шыққаны үшін жүргізушілердің жауапкершілігі қатаңдатылды.  

Ішкі істер министірлігінің айтуынша қазіргі уақытта қарсы қозғалыс жолағына шыққаны үшін 15 АЕК айыппұлының орнына жүргізуші куәлігінен бір жылға дейін айыру шарасы көзделген.Нәтижесінде өткен жылмен салыстырғанда қарсы қозғалыс жолағына шығу салдарынан болатын жол апатының саны 19%  (921-ден  749-ға дейін) төмендегені байқалады. Сонымен қатар қаза тапқан азаматтар саны 36% (248-ден 385-ке дейін) және жарақат алғандар саны 13% (1826-дан 1593-ке дейін) азайған.


Рүстем ӘЛПИ 

Ұқсас материалдар