Қарағандылық саяхатшылар Қазақстан табиғаты туралы шағын фильм түсірді

11.10.2016 9007
Өлкетану

Таяуда ғаламторда Қазақстанның кең-байтақ даласын көрсететін шағын фильм пайда болды. Оны Қазақстанның түкпір-түкпірін аралап, автошеру жасаған Қарағанды қаласының 4 тұрғыны түсірген екен.

Саяхат 15 күнге созылыпты. Осы уақыт ішінде саяхатшылар еліміздің 10 облысына барып (9 мың шақырымдық жол) үлгерген.

Қарағандылық саяхатшылар түсірген фильмге Алакөл, Қорғалжын, Наурызым, Барсакелмес қорықтары, Шарын ұлттық табиғи паркі, Қорқыт кесенесі және т.б. еніпті. Фильм Қазақстан табиғатын шетелдіктерге таныстыру мақсатында түсірілген.


Сурет tr-kazakhstan.kz сайтынан алынды

Ұқсас материалдар