Қандастар Ассамблея

Қансорғыштардың пайдасы бар ма?

01.04.2016 5305
Олар Антарктидан басқа барлық жерде мекен етеді. Жер шарында олардың үш мыңнан астам түрі бар. Басты мақсаттары — қан ішу.

Олар Антарктидан басқа барлық жерде мекен етеді.  Жер шарында олардың үш мыңнан астам түрі бар.  Басты мақсаттары — қан ішу.

 

Егер көз алдыңызға қиял-ғажайып жанрындағы Голливуд фильмдерін елестеткен болсаңыз — шешім шығаруға асықпаңыз. Біз бүгін шынайы өмірдегі қансорғыштар жайлы әңгімелейтін боламыз.  Мақала — маса жайында болмақ.  

  • Масалар — ең көне жәндіктердің қатарына кіреді. Аяусыз қансорғыштар жер шарында шамамен жүз миллион жыл тіршілік етіп келеді. Мұны олардың адам сенгісіз жағдайда көбейе алуымен түсіндіруге болады.
  • Масалар — ең қауіпті вирустар мен паразиттерді тасымалдаушылар. Жыл сайын олардың кесірінен 700 миллион адам ауыруға шалдығып, 2 миллионға жуығы көз жұмады.
  • Қансорғыш масалар шамамен екі айға жуық тіршілік етеді. Олардан қашып құтылу өте қиын. Себебі, масалар жемтігін оның қозғалысы, жарық сәулесі, көмірқышқыл газы, иісі және терінің иісі арқылы анықтай алады. Оған қоса масалар сағатына 7 километр қашықтықпен ұшады.

Көпшілік масаны табиғатқа мүлдем қажет емес жәндік деп жатады. Бұл қаншалықты дұрыс пікір? Ендеше, масалардың табиғатқа тигізетін пайдасы жайлы да біле отырыңыз.

  • Ең алдымен масалар қоректік тізбекті жалғаушы. Өйткені, оларды түрлі құстар, бақалар, үлкен жәндіктер қорек етеді.
  • Масаның балаңқұртын (личинка) балықтар өте жақсы көреді.
  • Адамдар арасында «масаның шаққаны қаны айналымын жақсартып, оны тазалайды» деген қауесет бар. Өкінішке қарай, бұл ғылыми түрде дәлелденбеген.

Көпшілікті мазалайтын «ЖИТС (СПИД) ауыруын тарата ала ма?» деген сұраққа ғалымдар «жоқ» деп жауап береді. Өйткені, бұл жұқпалы ауыру масаның ағзасына енген кезде бірден жойылып кетеді.

Соңғы зерттеулер нәтижесі дұрыс тамақтанып, салауатты өмір салтын ұстанатын адамға масаның шаққаны әсер етпейді деген шешімге келген. Сондай-ақ, көңіл-күйі жақсы адамға масалар көп жоламайды деген де қызық дерек бар.


 Алмас САУДАНБАЙ 

Ұқсас материалдар