Қандастар Ассамблея

Ғалам және шынайылық туралы 5 таңғажайып теория

23.11.2015 5253
Шынайылық біз ойлағандай қарапайым және түсінікті емес.

Шынайылық біз ойлағандай қарапайым және түсінікті емес. Кейбір біз ақиқат деп қабылдайтын дүниелер дұрыс болмауы мүмкін. Ғалымдар мен философтар біздің санамызды төңкеру үшін біраз тер төкті. Бұл туралы біз келтірген мысалдардан кеңірек біле аласыз.

Ұлы мұз басу

Ұлы мұз басу – дүниенің ақыры жөніндегі ғылыми теория. Әрине, бұл барлығымыздың алып мұз ішінде қатып қалатынымызды білдірмейді, дегенмен, теорияға сәйкес үлкен апат болуы мүмкін. Ғаламдағы энергия қоры шектеулі.  Аталмыш теорияға сәйкес, осы бар энергия таусылған соң, ғаламдағы қозғалыс баяулана бастайды. Басқаша сөзбен айтқанда, біртіндеп жылу жоғала береді, өйткені ол энергиялық бөлшектердің қозғалысынан туындайды. Бөлшектердің қозғалысы бәсеңсіп, бір күні барлығы тоқтап қалуы мүмкін.

Солипсизм

Солипсизм – өзіндік жеке санадан басқа ешнәрсе жоқ екендігін меңзейтін философиялық теория. Бір қарағанда бұл бір қисыны жоқ теория болып көрінеді, өйткені айналасындағының бәрін жоққа шығару ешкімнің ойына келе қоймайды. ЛСД қабылдайтын кейбір адамдар нешетүрлі таңғажайып галлюцинацияларды сипаттап беріп, оларды ұстай алатынын айтады, бірақ біз оларды шынайылылық деп айта алмаймыз. Теорияны түсіну үшін осы мысалға көңіл бөлген жөн.

Презентизм

Уақыт – біз мойындайтын және қабылдайтын нәрсе. Егер оны бір мезеттік сәт ретінде қарастыратын болсақ, біз оны өткен шаққа, осы шаққа және келер шаққа бөлеміз. Презентизм философтары өткен шақ та, келер шақ та жоқ, тек осы шақ қана бар деп айтады.

Басқаша айтқанда, сіздің өтіп кеткен туған күніңіз жойылып кеткен, осы мақаладағы әрбір сіз оқып кеткеннен соң жойылып кетеді, оны қайта оқығанда ғана ол тағы да оралады. Әулие Августиннің айтқандай, келер шақ жоқ, өйткені уақыт «дейін» бола алмайды.  

Этернализм

Этернализм – презентизмге толықтай қарама-қарсы теория. Бұл философиялық теория бойынша, уақыт көпқабатты, оны бисквит тортымен салыстыруға (алайда бисквит ешқандай күмән тудырмайды) болады. Уақыттың барлық өлшемдері бір мезетте бар болады. Оны көру қай нүктеден қарауыңызға байланысты.   

Осылайша, динозаврлар, Екінші дүниежүзілік соғыс және Майкл Джексон бір уақытта өмір сүріп, тек әртүрлі нүктеден көрінуі мүмкін.  Бұл түсінікке сәйкес, болашақ – нақтыланбаған.

Мультиғалам теориясы

Соңғы он жылды адам аяғы баспаған аралда өткізбегендер өмірінде бір рет болсын мультиғалам теориясы немесе параллельді ғалам туралы естіген. Параллельді әлем, көпшілігіміз естігендей, біздікіне қатты ұқсайды, тек болмашы (кей жағдайда маңызды) айырмашылықтар бар. Бұл теория бойынша, мұндай ғаламдар саны шексіз.

 Бір параллельді шынайылылықта сізді динозаврлар өлтіріп, сіз 8 метр жер астында жатуыңыз мүмкін, өйткені ол әлемде оқиға дәл солай жүзеге асады. Басқасында – сіз қуатты диктаторсыз. Келесі бірінде – сіз әлі дүниеге келмегенсіз. 


Дәурен Омаров

Ұқсас материалдар