Қандастар Ассамблея

“Алғашқы қауымдық кезең – қалыптасу кезеңі"

16.10.2014 11999
Ұлы Даланың кешегісі дегеннен еске оралады, Р. А. Мирзадиновша, адамзат қоғамының қалыптасу кезеңдері алғашқы қауым, алғашқық ауымдастық-туыстық қауым, таптар құрылуы қатарлы кезеңдерден өткен.

Ұлы Даланың кешегісі дегеннен еске оралады, Р. А. Мирзадиновша, адамзат қоғамының қалыптасу кезеңдері алғашқы қауым, алғашқық ауымдастық-туыстық қауым, таптар құрылуы қатарлы кезеңдерден өткен.

Мұндағы “Алғашқы қауымдық кезең – қалыптасу кезеңі, ал алғашқы қауымдастық туыстық қауым – кемелдену кезеңі болса, таптардың түзілу кезеңі - алғашқы қауымдық құрылымның ыдырау кезеңі болды. Бұл соңғы кезең шаруашылық іс-əрекеттің барлық салаларының қарқындап дамуымен жəне өнім қорларының өсуімен сипатталады. Туыстар мен қауымның ортақ меншігі жеке үй шаруашылығы меншіктеріне, теңдей бөлу еңбегіне қарай бөлуге алмасып, қауымдық-туыстық байланыстар үзіліп, алғашқы қауымдық-көршілік түрлері пайда болды. Қанаудың алғашқы нышандары пайда болып, олармен бірге негізгі өнім қоры қосалқы өнімге айнала бастады, яғни жеке меншіктің, қоғамдық тап- тар мен мемлекеттіліктің бастамасы түзіле бастады. Кезеңнің төменгі шегі, кейбір қарқынды дамыған қоғамдарда неолит кезеңіне, ал нашар дамыған қоғамдарда металдық кезеңнің біршама бөлігіне сəйкес келеді. Кезеңнің жоғарғы шегі - қоғамдық таптар мен мемлекеттіліктің пайда болуы - 5 мыңдай жыл бұрын байқалған делінеді. Бұдан 5 мың жыл бұрын алдымен ертедегі, кейіннен орта ғасырлық өркениет қалыптаса бастады. Б. з. б. 4 мыңыншы жылдардың соңында Египет пен Месопотамияда, 3 мыңыншы жылдардың орта кезінде - Үндістанда, 2 мыңыншы жылдарда - Эгей теңізі бассейнінде, Кіші Азияда, Оңтүстік Арабстанда, Қытайда, 1 мыңыншы жылы жəне б. з. 1 мыңыншы жылда - Көне Əлемнің көп бөлігінде, Орталық жəне Оңтүстік Америкада таптар қалыптаса бастады. Алғашқы өркениеттің пайда болуы адамзаттың алғашқы қауымдық тарихының соңы жəне таптар тарихының басы болды”.

Біз Ұлы Даланың қоғамдық таптар мен мемлекеттілік пайда болғанына талай ғасыр өткен тұсының сөзін қозғап отырмыз. «Ежелгі дəуірдегі Қазақстан (Тас жəне қола дəуірлері)» деген материалдың берген дерегінше, б. з. б. 2 - мыңжылдықтың алғашқы ширегі бітер кезде Еділ мен Алтай арасындағы малшы сақтар қола (мыс пен қалайының қосындысын) жасауды меңгеріпті. 1913 ж. Б. В. Грязнов Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андрон ауылынан қола дəуірі ескерткіштерін алғаш рет тауыпты. Бұл кез бен сондық мəдениет осы даланың Қола дəуірі, демек Андрон дəуірі, Андрон мəдениеті, деп аталады екен. Андрон ескерткіштері Ұлы Даланың талай (Қазақстан, Орта Азия, Сібір, т. б.) жерінен табылыпты. Бұдан 3-4 ғасыр өткенде, Андрон тұрғындары əлі де отырықшы екен. Аралас шаруашылықпен айналысатын көрінеді. Мал басы көбейгесін, малды үйіргесіне бағудан (жайылым тарлық қылғасын) жайлау, көктеу, күзеу, қыстау тəсілдерін пайдалануға (жартылай отырықшы, жартылай көшпенді күйге) көшіпті. Бұл далада (мысалы, Жезқазғанда) кен өндіру біздің заманымызданүш мың жылдай бұрын пайда болыпты. Олар кенді тотықтандыру, қайлалау, отпен өндіру əдістерін меңгеріпті. Андрон тұрғындары үй тіршілігіне қажетті жұмысты (мал жүнінен жіп иіру, тоқу, теріні өңдеу, киімді түрлі-түсті жіппен əдіптеу, т. б.) өздері істепті. Тоқыма станогы, ұршығы, т. б. құралдары болыпты. Өкшесіз аяқкиім, жүннен тоқыған, теріден тіккен құлақшын киіпті. Əйелдер көбіне ұзын жеңді етегі жер сызған жүн көйлек киген көрінеді. Əшекейлік бұйымдарға сырға, салпыншақ, моншақ, т. б. тағыпты. Ерлері қоладан үшкірлеп жасалған масақты садақтармен қаруланыпты.

Бұдан мың жылға таяу уақыт өткен кездегі жəне Андроннан оңтүстікте, ерте дамыған өркениеттерге таяу өңірде жасаған үйсіндердің тіршілігі Андрон жұртынан да озық екеніне сене беріңіз.

Сұлтан Жанболат, "Ежелгі ұлыс тарихы"

Ұқсас материалдар