Қандастар Ассамблея

Алған білімін елі үшін сарп етуге дайын оқушы

29.04.2016 2482
Ксения Трегубенко, Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы

100 нақты қадам Ұлт жоспарының 79-шы қадамында жоғары сыныптар мен ЖОО-да кезең-кезеңімен ағылшын тілінде оқытуға көшу көзделген. Осыған байланысты Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы өз пікірін білдірді.         

Ксения Трегубенко, Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы:

– Мен үш тілді жетік білемін. Үш тілді білудің көптеген артықшылықтары бар. Біріншіден, адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік көп. Достарымның арасында қазақтар да, орыстар да, америкалықтар да бар. Олардың барлығымен қысылмай әңгімелесе аламын. Екіншіден, жаратылыстану пәндерін ағылшынша өту үлкен артықшылықтар береді. Бұл ғылымдарда біздің тілге аударылмаған көптеген сөздер бар. Үш тілді білгенімнің тағы бір пайдасы — ғылыми жобаларды қорғау барысында ауқымды аудиторияға ойымды жеткізу өте оңай болады. Ағылшын тілі xалықаралық тіл барлығы біледі. Осы себептен ата-анам менің болашағым туралы уайымдап, мені 5 жасымнан бастап ағылшын тілі үйірмесіне берген екен.Басқа балалар 5 жасында уйге кірмей, далада ойнап жүрген кезінде, мен жаңа тілді меңгеріп, үйде жаттығулар орындап отыратынмын. Ата-анамның берген осы мүмкіндігіне мен шексіз ризамын. Қазір ағылшан тіліндегі пәндерді түсіну маған ешқандай қиындық тудырмайды. Ағылшын тілін білу көптеген мүмкіндіктерге жол ашады. Сол себептен информатика, физика, xимия, биология пәндері барлық мектептерде ағылшынша өтілетін болса, тіпті жақсы болатын еді. Бірақ бұл деңгейге жету үшін мектептерде ағылшын тілі еселеп оқытылуы қажет. Барлық мұғалімдер өз пәнінен бөлек ағылшын тілін жетік меңгеруі тиіс. Менің ойымша бірнеше жылдың ішінде Қазақстан жастарының білім деңгейі өсіп, әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде боламыз. Ал өз басыма келер болсам, алған білімімді елім үшін сарп етуге дайынмын!  


Алмас САУДАНБАЙ

Ұқсас материалдар