Қандастар Ассамблея

Ахмет Байтұрсынұлы – ХХ ғасырдың феномені

28.08.2014 2730
Ахмет Байтұрсынұлы – ХХ ғасырдың феномені

Ахмет Байтұрсынұлы көптомдығының 6-томы ғалымның «Қазақстан дəуірінің жаңа құрылымы» деген мақаласымен ашылды. Өз заманында Қазақ елінің жасампаз мемлекет болып, төңірегіне танылуы үшін күрескен мемлекет қайраткерінің ұстанымдары бүгінгі қоғамға да қажетті  тұжырымдарға толы. Жаһандану өркениетінің өтпелді тұсында өткенімізді жоғалтпас үшін бұл мақаланың маңызы зор.

«Баулу мектебі» атты мақаласында оқу-ағарту ісінде оқыту жүйесі қашанда жаңарған заман талабына лайық болу керектігін айта келіп, бала оқыту ісінде: «Өлі оқу», «төте оқу», «көрнекті оқу» – бəрінің асылы – оқу» деп, əрбір əдістің ара-жігін ашып, қайткенде де мектептің міндеті – алдына келген баланың үмітін ақтап, мемлекеттің мақсатындағы көздеген түрде адам етіп, «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілетіні» тəрізді, баулынған қыран баласын шығару керектігін айтады. Бұл бүгінгі біздің білім ордаларында да күн тəртібінен түспейтін аса қажетті тақырып. Абыз Ахметтің үгіт өлеңдері де, көсемсөздері де ғибратқа толы, көбі қанатты сөзге айналып, БАҚ-та жарияланып та келеді, сондай айшықтардан баталы сөздері жинақтап ұсынылды.

«Байтұрсынұлытану бастаулары» деген тараушада ғалым мұрасының зерттелуі – 1919 жылдан басталғанын А.Самойловичтің ғылыми жүйеленген энциклопедиялық мағлұматын,мұнан басқа Е.Поливанов  «Қазақтың  жаңа  (Байтұрсыновтық)  емлесі»  (1924), жылы «Литературная энциклопедия» атты көптомдықтың 5-томына енген «Байтұрсынұлы əліпбиін» (1931), А.Затаевичтің «Қазақ хал- қының 1000 əні» кітабында жазылған танымдық мақаласы (1925), Н.Яковлевтің «Əліпби құрылымындағы математикалық жүйе» (1928) атты мақаласы жəне өзінің замандас інілері – М.Дулатұлы, Е.Омаров, Т.Шонанұлы, С.Сейфуллин, Қ.Жұбанов, М.Əуезовтердің лебіздеріне тоқталдық. Бірақ, тұлға туралы орыс тіліндегі мақалаларды қазақ тіліне аударып, жеке кітап етіп бастыру – алдағы атқарылар істің еншісінде. Кейбір мақалалар қазақ тіліне аударылып берілді.

Сонымен бірге тəуелсіздік тұсында жазылған тілші, əдебиетші, тарихшы ғалымдар, жазушылардың танымдық мақалалары, ақын арнау өлеңдері топтастырылды.

Күрескер тұлға Ахмет Байтұрсынұлы əрбір қазақ жұрт жұмысына хал-қадірінше қарап тұрмай, бірігіп-кірігіп істей берсе, ұлт жұмысы ұлғайып толықпақшы, іс қолынан келмейтіндерге амал нешік, іс қолынан келетіндері де қарап жатқанына күйзеледі. Алға басып, өркениеттен кейін қалмаудың амалы: «Басқадан кем болмас үшін біз білімді, һəм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кəсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек», – дейді. Шындығында, ұлт жұмысына ұйытқы болып, ел мүддесі үшін жұмыс жасасақ, өзгелермен тереземіз тең болмай ма?!

Академик  тарихшы  Манаш  Қозыбаев:  «Ахмет  Байтұрсынұлы – ХХ ғасырдың феномені. Оның есімі, осы дүбірлі ғасырдың тү- бірлі, түбегейлі құбылыстарымен тағдырлас. Сондықтан Байтұр- сынұлытану шын мəнінде ғасыр тану десе болады. ...Ахметтануды дамыту барлық гуманитарлық ғылымдардың  ортақ  парызы» деген екен. Тарихшының ұлттық ғылымға жүктеген парызы шын мəнісінде, əлі күнге орындалған жоқ. Десек те, бүгінгі күнге дейін ахметтану саласында жасап жатқан жұмыстарымыздың бір парасы –              ғалым мұрасын насихаттау болса, келешекте Алаш мұрасын – ұлт жұмысына орынды жұмсай білсек, Арыстарымыздың ұлы мұратының орындалғаны.

"Ел - шежіре"

Ұқсас материалдар