Қандастар Ассамблея

Қабырға жасайтын панельдер зауытының ұжымы

28.01.2015 4848
2012 жылда ашылған зауыт «Қолжетімді баспана» бағдарламсымен 6 тұрғын үйдің қабырғасын көтерген

Астана қаласының «Индустриялық паркінде» орналасқан Қабырға жасайтын панельдер зауыты 2012 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Аталмыш зауыттың тіршілігімен танысып келген El.kz жобасы назарларыңызға сапардан арнайы фоторепортаж бен жас мамандардың пікірін  ұсынады.

Соңғы жарты жыл ішінде зауыт «Қолжетімді баспана» бағдарламасымен алты тұрғын үйдің қабырғаларын жасап шығарды. ТОО “ComInvestGroup”  Expo-2017 халықаралық жәрмеңке құрылысына қатысуға жоспарлап отыр.

Зауытта отандық құрал-жабдықтармен қатар шетелдік заманауи техникалар да қолданылады. Мәселен мына суреттегі білдек(станок) Канададан әкелінген.

Абылай Нұрмағамбетов , цех мастері

- 2013 жылдан бастап цех мастері болып қызмет етіп келемін.  Бригадама тапсырмаларды түсіндіріп, жұмысын тексеремін. Менің міндетім жұмыстың тоқтап қалмай, үздіксіз жүруін қадағалау. Барлығы өз істерінің шеберлері. Әрдайым бір-бірімізге көмектесеміз. Басшылық жұмысшылардың еңбегін әділ бағалап, жақсы мамандарды жауапты қызметтерге қоюға тырысады.

Елбасымыздың қолдауымен жүзеге асырылып отырған индустриалды-инновациялық бағдарлама арқасында отандық кәсіп дамып, халықтың жағдайы жақсаруда. Жылдан жылға зауытқа тапсырыстар артып келеді. Бұл жәйт қуантпай қоймайды.


Мадияр Нұрлыбеков , 4-разрядты штукатур-маляр

- Осы зауытта 4 жыл жұмыс істеп келемін. Басында 2 разрядпен кірдім. Уақыт өте келе тәжірибе жинадым, кәсіби деңгейімді көтердім. Солай 4 разрядка дейін көтерілдім. Жалақы уақтылы беріліп тұрады. Таңертең алып кетіп, кешке үйге апаратын автобусымыз бар. Барлық жағдайымыз жасалған. Осы салада тер төгіп жатқан жастар индустриялық-инновациялық дамудың басты қаһармандары болып табылады. 

Бұрыңғы кездегі жағдаймен салыстырғанда бүгінде біз секілді жастарға өндіріс саласында мүмкіндіктер өте көп жасалуда. Егер жақсы білім алып, білікті маман атансаң, өз мамандығың бойынша жұмыс табу аса қиын емес. Зауытқа келген жаңа мамандар сынақ мерзімінен өтіп, біліктілігін дәлелдеген кезде бізге жұмысқа орналасады.

Арайлым Алмасбекқызы,  2-разрядты штукатур-маляр

- Жұмысқа кіргеніме 7 ай болды. Панельдерді біріктіріп, цементпен штукатурлаймын. Ылғал мен суық кірмейтіндей етіп желі қосындысымен сылаймын.  Жұмысым өзіме өте ұнайды. Осы зауыт секілді нысандардың салынуы жұмыс орындарын көбейтеді. Өзімді Қазақстан дамуына кішігірім болса да үлесімді қосып отырмын деп үміттенемін.

Елбасымыздың көреген саясаты арқасында халқымыздың жағдайы өркендеп келеді. Өз тауарлармыздың шет елдерге экспорты артып келеді. Индустрияландыру бағдарламасының алғашқы бесжылдығы үлкен нәтижелер көрсетті. Ендігі екінші бесжылдықта одан да үлкен жетістіктерге жетіп, еліміздің атын әлемге нық танытамыз деп ойлаймын.

Панель жасаудың соңғы кезеңінде панель сыртын арнайы  италиядан әкелінген ламинам деген материалмен бекітеді (фотода). Оның қалыңдығы гипсокартоннан екі есе жуан және су мен салқын ауа райына төзімдірек келеді. 


Өз қызметтерін адал атқаратын зауыт ұжымы өте тату екені байқалды. Бір-бірін бауырларындай қолдап, жаңадан келген қызметкерлерге білгенін үйретіп, көмектеседі, алға жетелейді. Осындай білікті мамандар арқасында еліміздің индустриялы-инновациялық даму қарқыны жылдан жылға артып келеді.

Фотоальбомды осы сілтеме арқылы көре аласыз!

Әзірлеген: Айгүл ШЕРНИЯЗОВА

Суреттер: Солтан ЖЕКСЕНБЕКОВ

Ұқсас материалдар